189
Кәсіби қазақ тілі
Құрмалас сөйлемде кем дегенде екі предикативтік орталық бо-
лады, яғни екі одан да көп жай сөйлемдерден тұрады.
Салалас құрмалас сөйлем.
(Сложносочиненное предложение)
Құрамындағы предикативті сыңарларының баяндауыштары тия-
нақты тұлғада келіп, интонация жəне жалғаулық шылаулар арқылы
байланысатын құрмалас сөйлемді
салалас құрмалас сөйлем дейміз.
Салалас құрмалас сөйлем: ыңғайластық, қарсылықты, себеп-
салдар, кезектес, талғаулы, түсіндірмелі болып бөлінеді.
ыңғайластық
Жай сөйлемдері
бір-біріне іргелес
болған
уақиғаны, істі
білдіретін салалас түрі
жəне, əрі, да,
де, та, те
Бұл тəсіл өте əсерлі
шықты əрі тез
қабылданды, хабардың
мағынасын аша түсті.
қарсылықты
Жай сөйлемдерінің
мағыналары бір-
біріне қарама-қарсы
болып келетін салалас
түрі.
бірақ, дегенмен,
сонда да, сөйтсе
де, сөйткенмен,
алайда, əйтсе
де, əйткенмен
Болашақ
журналистер
жақсы білім алып
жатыр, алайда ешкім
жақсы мақала жазған
жоқ.
себеп-салдар
Жай сөйлемдерінің
бірі екіншісінің
себебін
білдіретін
салалас түрі.
өйткені, себебі,
сондықтан,
сол үшін, неге
десеңіз, сол
себепті т.б.
Ол жақсы оқиды,
себебі жақсы маман
болғысы келеді.
Ұзаққа бармайтын
бағдарлама, себебі
халық «көшірмені»
қабылдамайды.
190
Жағыпарова Майра
кезектес
Жай сөйлемдердегі іс-
қимылдың кезектесіп
келетінін білдіретін
салалас түрі.
бірде, біресе,
кейде
Кейде эфирдегі үш
сағаттың ½
бөлігін
көп сериялы шетелдік
телефильмдер алып
жатты.
Мен бірде қуанамын,
бірде ренжимін.
талғаулы
Жай сөйлемдерінде
айтылған іс-
əрекеттің біреуі ғана
орындалатынын
білдіретін салалас
түрі.
не, немесе,
я, яки, не (я),
болмаса, əлде,
əйтпесе
Менің
мақалам газетке
не ертең шығады, не
одан кейінгі санда
басылады.
Ертең я жел тұрады, я
жауын жауады.
түсіндірмелі
Екінші жай сөйлемі
бірінші сөйлемінің
мағынасын түсіндіріп
тұратын салалас түрі.
жалғаулығы
жоқ
Газет
публицистикасы
екі негізгі қызмет
атқарады: бірі –
ақпарат таратады,
екіншісі – үгіт-
насихат жүргізеді.
Кəсіпкерден сұхбат
алудың сəті түсті:
оқырмандарды
қызықтыру керек.
4-тапсырма. Тиісті жалғауларды қойып, салалас құрмалас сөй-
лемге айналдырыңыз.
Жоғары оқу орындарына бюджеттен бөлінетін ақша бәріне жете
бермейді. Талапкерлердің көпшілігі ақылы негізде оқуға түсуге
191
Кәсіби қазақ тілі
мәжбүр. Қазақстан өркениетті елдер қатарына ілігуді мақсат етіп
отыр. Халқы, болашақ ұрпағы білімді болуы керек. Агенттік төраға-
сы кәсіпкерлердің көптеген сауалдарына жауап берді. Кәсіпкерлер
оған қанағаттанбады. Республикалық агенттікте шағын бизнесті
қолдау мәселелеріне байланысты «дөңгелек үстел» өткізілді. Оған
көп кәсіпкерлер қатыса алмады.
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойы-
ңыз және орыс тіліне аударыңыз.
1) Мен оған сен туралы айтқанмын, ............ ол тыңдамады.
2) Жаңбыр жауды ............ жер көгерді.
3) Нұрлан
ауырып қалды, ............ жұмысқа шыққан жоқ.
4) ............жаңбыр жауады, ............ күн шығады.
5) ............ қатты сөйлейсің, ............ жәй сөйлейсің.
6-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз және салалас құрмалас
сөйлем түрлерін табыңыз.
Он не хотел сегодня уезжать, и к тому же день был холодный.
Собрание закончилась, и народ стал расходиться.
Я давал ему свою книгу, но он не взял.
Он ушел раньше меня, но я его догнал.
В
кино сегодня либо я пойду, либо ты пойдешь.
Прошло
много времени с тех пор, как я пришел.
После сдачи экзаменов поедем домой.
7-тапсырма. Төмендегі сызба бойынша сөйлем құраңыз.
Ыңғайлас
салалас:
жəне, əрі, да, де, та, те
1.
2.
3.
Қарсылықты:
бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе
де, сөйткенмен, алайда, əйтсе де,
əйткенмен
1.
2.
3.
Себеп-салдар:
өйткені, себебі, сондықтан, сол
үшін, неге десеңіз, сол себепті т.б.
1.
2.
3.