Кәсіби қазақ тілі білімді – образованный
адал достар – верные друзья
амал достар – временные друзья
жұмсау – трата
азаймайды – не уменьшается
таусылады – кончается
шіріп кетпейді – не портиться
бүлінеді – испортится
есеп жүргізу – вести счета
шынайы білімді адам – истинный образованный человек
байлығы мол адам – кто богат знаниями
ізеттілігі артады – увеличивается любезность
мастану – быть самодовольным
мақтанады – хвалиться
астамшылық көрсетеді – показывает высокомерие
4-тапсырма. Сөздікті пайдаланып, қазақ тіліне аударыңыз. Елбасының сөзімен жеткізгенде «қазақ тілі үш тілдің біреуі бо-
лып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы
бола береді» деген-ді. Сондықтан да қандай мектеп болмасын, ең
алдымен шәкірттерінің мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі, яғни ана
тілін, мемлекеттік тілін жетік меңгеруі міндеттелуі тиіс. Ал одан
кейін басқа екінші, үшінші тілдерді білу, меңгеру мәселесі ол жас-
тың болашақ мамандығына, кәсібіне, таңдаған бағытына қарай
анықталады деп ойлаймыз. Ұлттық тәрбие негізі қаланған, өз тілін
еркін меңгерген, алдымен өз тілінде ойлайтын ұрпақ өз елі үшін, өз
елінің өркендеуі үшін, өз тілі мен дінінің, ділінің сақталуы үшін қыз-
мет етеді. Әрине, ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл – қазақты
дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Ал, әлемдік
тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін (көптілділік)
меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі.