Жағыпарова Майра 5-тапсырма. Мақал-мәтелдердің қандай мағынада қолданылға- нын табыңыз. 1) Оқу инемен құдық қазғандай.
2) Сөз де кілт, көңіл құлпын ашады.
3) Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.
4) Адал достық алтыннан қымбат.
6-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің қайсысы тура мағына- да, қайсысы ауыспалы мағынада тұрғанын анықтаңыз және орыс тіліне аударыңыз. Айырмамыз, оның оң қолы қылыш ұстаған, бос емес. Ал менің оң
қолым бос.
Ол Оспан батырдың оң қолы болған.
Дәрігерді адам жанының арашашысы десек, медбике – оның оң
қолы.
Соғыс кезінде оң қолы мен оң аяғынан жеңіл жараланып, бірне-
ше медальдармен марапатталған.
Осы жекпе-жекте Бекзаттың оң қолы ісіп, бармақ сүйегі шығып
кеткен.
Енді дәрігерлер оның оң қолына алаңдап отыр.
Храпуновтың оң қолы жазадан құтылып кетіпті.
Кеше Варшавада қашып жүрген Мұхтар Әбілязовтың оң қолы
Мұратбек Кетебаев қамауға алынды.
Оң қолы саналған Олжастың қателескен кезі аз болған жоқ.
7-тапсырма. Сөздердің негізгі мағынасы мен ауыспалы мағына- ларының өзара бірлігі мен айырмашылықтарын айтыңыз және сөйлем құрастырыңыз. Қыздың жасы 12-де. Көз жасы. Бұлақ көзі. Адамның көзі. Көзі ауырады. Көзінің оты бар. Қара көз. Оң қол. Оң іс.
Ашық мінез. Ашық терезе.
Қара қарындаш. Қара жүрек.
Адал ас. Адал қызметкер. Адал дос.
Өсімдіктің сабағы.Оқушылардың сабағы аяқталды.