Кәсіби қазақ тілі Диалект және кәсіби сөздер (Диалекты и профессиональные слова) Тілде сөздерді қолданылу ерекшеліктеріне қарай: жиі қолданы-
латын сөздер (активная лексика), сирек қолданылатын сөздер (пас-
сивная лексика) деп бөледі.
Жиі қолданылатын сөздерге жалпыхалықтық лексикадағы, бар-
лығымызға түсінікті сөздер кіреді (мысалы: мектеп, қала, көше, кітап, қол). Ал сирек қолданылатын сөздерге диалект сөздер, кәсі-
би сөздер мен терминдер кіреді.
Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу
тілінде ғана қолданылатын сөздерді диалект сөздер дейміз.
Диалект сөздердің басым көпшілігінің әдеби тілде баламала-
ры болады. Мысалы, әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы, Оңтүстік
Қазақстан облыстарында сым деп айтылады. Әдеби тілдегі жұ- мыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысында тұқым деп атайды.
Диалект сөздердің фонетикалық, лексика-семантикалық, синтак-
систік, морфологиялық ерекшеліктері болады.
Бәдірен, әгүршік – қияр (огурец);
Бақыр – шелек (ведро);
Шыны, пиалай, жанан – кесе (чашка для чая);
Шақпақ, күкірт, шырпы, ши, оттық – сіріңке (спичка) т.б.