Жағыпарова Майра 12-сабақ ЖУРНАЛИСТ ИМИДЖІ Елімізде бұқаралық ақпарат құралдарының саны көбейген
сайын журналистер оқырман мен көрермен қошеметіне бөле-
ну үшін өзара тартысты бəсекеге түседі. Журналист танымал
болған сайын оның жазған мақаласын халық іздеп жүріп оқиды.
Есімі елге танылған журналистке сұраныс күшейе түседі. Бұл –
заңды құбылыс.
Журналистің міндеті – қоғамдағы əлеуметтік тұрмыс
пен халықтың хал-ахуалын нақты, боямасыз баяндап отыру.
Журналистің жазған сөзіне ел сене алатындай қалыптасқан
дербес бейнесі болғаны абзал. Журналистің жеке өзінің тар-
тымдылығы, кісіге жақсы əсері, мəртебесінің, беделінің ар-
туы – имидж. Бұл – оның қалыптасқан имиджі. Журналистің
қалыптасқан имиджі жоқ болса, ол өзіне керекті ақпаратты
деректі көздерден жинау үшін көп уақыт жоғалтады. Сұхба-
ты сапасыз болады.
Əлемге əйгілі америкалық психолог, əңгімелесу жағдаят-
тарының көрнекті маманы Альберт Мейерабиан өзінің «Əң-
гімелесудің əрқилы жолдары» деген кітабында: «Сұхбат құрған
адамдар алғашқы жүздесулерінде бір-біріне үш түрлі сипатта
əсер етеді» – деп жазған.
• Бірінші: визуалды – яғни көрген сəттегі пікір салмағы
– 55%.
• Екінші: сөз ырғағы – сөйлегендегі дауыс əсері – 38%.
• Үшінші: вербалды – əңгімелесу мазмұны – 7%.
Адамдар, əдетте, сұхбаттасу сəтінде іштей бірін-бірі (ұна-
саңыз) «+» немесе (жақтырмаса) «–» белгісімен бағалайды.