Кәсіби қазақ тілі 2007-2012 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Дала
мен қала» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
Б.Б. Сыздықов – өз ісін жетік білетін, тəжірибелі маман.
Ол – бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Б.Б.Сыздықовтың
«Журналистикадағы диалект сөздердің орны» атты еңбегі
ақшалай сыйлыққа ие болды.
Б.Б. Сыздықов компьютер бағдарламаларын жетік меңгер-
ген, мінезі ашық, адамдармен тез тіл табыса алатын, əріп-
тестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Б.Б. Сыздықов қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға
лайық.
Мінездеме редактордың көмекшісі қызметіне ұсыну үшін
берілді.
Мінездеме беруші:
«Дала мен қала» газетінің
жауапты хатшысы
А.Ə. Өмірбеков ________________ (қолы)
8 қараша, 2014 жыл
4-тапсырма.Төменде берілген сұрақтарға жауап бере отырып, өмірбаян жазыңыз. 1. Сіздің аты-жөніңіз кім?
2. Сіз қай жерде жəне қашан дүниеге келдіңіз?
3. Сіздің отбасы жағдайыңыз қандай?
4. Сіздің біліміңіз қандай?
5. Сіз қайда оқыдыңыз, нені бітірдіңіз?
6. Сіздің мамандығыңыз қандай?
7. Сіз қайда жұмыс істедіңіз?
8. Қазір қайда жұмыс істейсіз?
9. Сіз қандай компьютер бағдарламаларын білесіз?
10. Қай тілде еркін сөйлейсіз?
11. Əскери қызметке міндеттісіз бе?
12. Қандай əскери атағыңыз бар?
13. Сүйікті ісіңіз? /хобби/