1. Мәтінмен танысу. Мәтінмен танысу – мәтінді оқу, жаңа сөздермен танысу, мәтінді аудару, мазмұнымен танысу.
2.Мәтін бойынша грамматиқалык тапсырмаларды орындау. Мәтінмен жұмыс істеген кезде мынадай грамматиқалык тапсырмаларды орындауға болады: сөйлемді толықтыру, сөйлемнің мағынасын сақтай отырып сөйлемді жаңадан кұрастыру, сөйлемді кеңейту және қысқарту, антоним мен синонимдерді табу, сөйлемдерге синтаксистіқ талдау жасау.
Мәтінмен жұмыс жасаған кезде инновациялық технологияларын қолданамын, мысалы – интенция. Интенция дегеніміз - сұхбат немесе монолог барысында ситуативтік, эммционалық сөздерді қолдану.
Енді осы бес кезеңге, бес мәселеге нақты тоқталайық,
Көркем шығарманы талдаудың алғашқы қадамы-ондғы оқиғаны, оның талдау желісін таныстырудан, ұғымдырудан басталады. Шығармадағы оқиғаны, онық мазмұнын, сюжетін, шығарманың көркемдік ерекшелгін, тілдік шеберлігін, кейіпкерлер бойындағы адамгершілік, сана мен рухани байлығын білмеген, түсінбеген оқушы шығарманы әрі қарай талдауға кірісе алмайды.
Ол үшін мынадай жұмыс істелу қажет:
1) Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен және тірек сөздермен жаттығу жұмыстарын өткізу;
2) Мәтіннің мазмұнымен таныстыру (оқушылар өз бетінше оқып, мазмұнымен танысып келеді).
3) Мұғалімнің арнайы тапсырмасындағы мәтінге байланысты жаттығуларды орындау.
А) Сөйлемдерді толықтыру.
Ә) Сөйлемдердің мазмұнын сақтай отырып басқаша құрастыру.
Б) Сұрақтарға жауап беру.
В) Қате сөйлем беріледі. Мәтіннен дұрыс нұсқасын табу.
Г) Мәтінді жоспарлау.
Д) Сөйлемдерді ықшамдау. Сөйлемдерді кеңейту.
Е) Шығармада кездесетін фразеологизімдермен, мақал-мәтелдермен, нақыл сөздермен, омоним, синоним, антонимдермен жұмыс істеу.
Достарыңызбен бөлісу: |