Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Алға қойған мақсатымыз - қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың ауыз екі сөйлеу тілін қалыптастыру, тіл байлығын, сөйлеу шеберлігін дамыту, сондай-ақ оқушылардың көркем әдебиетті оқуға деген ынтасын арттыру, шығармашылық, танымдық қасиеттерін жетілдіру, әдеби сөйлеу арқылы тіл мәдениетін қалыптастыру; сонымен қатар пән мұғалімінің жүргізетін жұмысын ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу, мәтінмен жұмыс жасау әдістемесін жетілдіру. Ол үшін мынадай міндеттерді орындау көзделді:
- оқушылардың бұрынғы алған (балабақшада, бастауыш сыныптарда) лексика-грамматикалық білім-біліктерін бірізділікпен жалғастыру (болмаса - қалыптастыру), оларды белсенді түрде қолданысқа түсіру және одан әрі тереңдету.;
- мәтін бойынша тапсырма түрлері арқылы қарым-қатынас жасау дағдыларын (диалог, монолог, еркін пікірталас түрінде) және жазу тілінің интесивті түрде белсенділігін арттыру әрі дамыту;
сөздік қорын кеңейту;
тілдік құбылыстарға, сонымен қатар жалпы өмір
құбылыстарына интеллектуалды талдау жасау дағдыларын жетілдіру;
- тілді дамытудағы, меңгертудегі қиындықтарды жеңудің тиімді әдістерін қалыптастыру;
- сабақтың тиімділігі мен пәрменділігін арттыру жолдарын айқындау;
- қазақ тілін оқытудың ғылыми негіздерін белгілеу;
- жаңаша білім беру сабағының жүйесін жасау;
- тапсырмалар жүйесін тақырыпқа сәйкес жасау;
- тіл дамыту жұмыстарының түрлері мен мазмұнын айқындау.
Достарыңызбен бөлісу: |