Байланысты: Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту бойынша тиімді жұмыс түрлері (мәтінмен жұмыс)
Зерттеу нысаны. Тіл дамыту үдерісіндегі басты мақсатымыз оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырып, сөйлеу дағдысын дамытып, оқушыны тілді игеру нәтижесінде сұхбатқа қатысып, пікірталастарға еркін түсе алатындай дәрежеге жеткізу болғандықтан, бұл мақсатқа жетудің бір жолы мәтін деп ұйғардық. Жұмысымызда мәтін түрлері (қарапайым шағын мәтіндер, оқытудың бастапқы, одан кейін орта және тереңдетіліп оқыту кезеңдерінде қолданылатын шағын әңгімелер, оқушының жасына және тілді білу деңгейіне қарай іріктеліп алынған танымдық сипаттағы ғылыми-публицистикалық (бейімделген болуы мүмкін) шығармалар, көркем шығармалар.