Астана қаласы әкімдігінің «№9 «Зерде» мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттің мекемесі Әдістемелік кеңес хаттамасынан көшірме №2 Астана қ. 01.11.2023ж.
Әдістемелік кеңес төрағасы:Сауле Тұрғынбекова, директордың бейіндік жұмыстар жөніндегі орынбасары.
Кеңеске қатысқандар: 30 / кеңес мүшелері
Күн тәртібінде: Педагогтердің авторлық жұмыстарын қалалық сараптау кеңесіне ұсыну туралы.
Тыңдалды: Тұрғынбекова Сауле авторлық бағдарламамен жұмыс жасап, оң нәтиже көрсетіп жүрген педагогтерді және олардың жұмыстарымеен таныстырып, іс-тәжірибесін таратуға ұсыныс білдірді.
Сөйлегендер: Саурабаева Салтанат Бүркітқызы, ӘБ жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Дуисенгалиева Жанаргул Галимжановна «Құрмалас сөйлем синтаксисі» атты авторлық бағдарламасымен 2023-2024 оқу жылынан бастап лицейде жұмыс жүргізіп жатыр. Аталған авторлық бағдарлама оқушылардың құрмалас сөйлемнен алған білімдерін кеңейтуге, ғылыми түсінік алуға, сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау қабілеттерін арттыруға, өз ойларын жеткізуде құрмалас сөйлем түрлерін еркін қолдануда маңызды деп есептеймін. Оқу мақсаттары мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес оқушылардың тыңдалым, оқылым дағдылары мен әдеби тілдік норма бойынша білімдерін жетілдіруді көздейді. Күнтізбелік жоспар бойынша жасалған сабақ жоспарлары (қмж) 80% практиканы қамтиды.
Дуисенгалиева Жанаргул Галимжановнаның авторлық жұмысын қала көлемінде тарату үшін сараптау кеңесіне ұсынуды қолдаймын.
2 .
Шешім:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Дуисенгалиеваның «Құрмалас сөйлем синтаксисі» атты авторлық бағдарламасын қала көлемінде тарату Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» жанынан құрылған сараптамалық кеңесінің қарауына ұсынылсын.
Әдістемелік кеңес төрағасы: С.Тұрғынбекова Хатшы: Н.Рамазан