Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстық «Дарын» орталықтарының басшыларына



Pdf көрінісі
Дата18.11.2023
өлшемі0,68 Mb.
#124445


Шығыс №74 
10.10.2023ж.

Астана, Алматы, Шымкент қалалары 
мен облыстық «Дарын»
орталықтарының басшыларына 
 
 
Жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық
инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын ояту, оқушыларды 
сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру мақсатында 
математика пәнінен 10-11 сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» 
олимпиадасының өткізіліп келе жатқанына бірнеше жыл болды. Былтырғы оқу 
жылында «Алтын түлек» олимпиадасының жеңімпаздарына шет елдік және 
мемлекеттік гранттар (барлығы 59 грант) берілген болатын. Биылғы оқу 
жылында да осы дәстүр жалғасын табады деп сенеміз және бұл олимпиада жас 
түлектердің қызығушылығын оятары сөзсіз. Осы орайда өз аймақтарыңызда 
олимпиаданы ұйымдастырып өткізуге ықпал етулеріңізді сұраймын. 
Олимпиада мемлекеттік тілде, оффлайн форматта өткізіледі. 
№ 
Кезеңі 
Өткізу мерзімі 
Уақыты 

Мектепішілік 
20.10.2023ж. 
12:00 

Өңірлік 
01.12.2023ж. 
10:00 

Республикалық 
15.03.2024ж. 
10:00 
Олимпиаданың 
мектепішілік кезеңіне 
қосымшада берілген сілтеме 
арқылы тіркеледі (әр аймақтың сілтемесі жеке жасалған). 
Тіркелу 2023 жылдың 16 қазаны сағат 18:00-де (Астана уақытымен) 
жабылады. 
Қосымша: 1. «Алтын түлек» математикалық олимпиадасын өткізу Ережесі 
2. Сілтеме
Құрметпен, 
«Зерделі» ақыл-ой дамыту
мектебі» ЖШС бас директоры
Мәуіт Ы.М. 
 
 
Орынд. А.Ануарова 
т.+7 701 024 1875 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет