3-ші деңгей сұрақтары. Айнымалы жұлдыздар жайлы талдаңыз.
Айнымалы жұлдыз — негізінен температурасы мен радиусының бірде ұлғаюы, бірде кішіреюі салдарынан жарығы құбылып тұратын жұлдыз.
айнымалы жұлдыздар
Айнымалы жұлдыз туралы деректер Ежелгі Қытай жылнамаларында кездеседі.
Өзінің жарығын өзгертіп отыратын жұлдыздарды алғаш рет 1596 жылы Кит шоқжұлдызынан неміс астрономы Давид Фабрициус байқаған.
Ал 1667 жылы франциялық астроном И.Бульо оның жарығының периодты болатындығын анықтаған.
Айнымалы жұлдызға тек 19 ғасырдың ортасынан жүйелі түрде бақылау жүргізіле бастады. Айнымалы жұлдыздардың саны қазір 50 мыңнан асады. Әрбір шоқжұлдыздағы айнымалы жұлдыздар латын әрпімен (R-ден Z-ке дейін немесе солардың әр түрлі ауысымы арқылы) белгіленеді. Олар тұтылмалы қосаржұлдызжәне физикалық айнымалы жұлдыздар болып 2 топқа бөлінеді.
Тұтылмалы қосаржұлдыздар белгілі бір жүйемен, жалпы ауырлық центрінен айналады, әрі ерекше оптикалық айнымалы жұлдыздар тобына енеді.
Физикалық айнымалы жұлдыздар жарығының өзгеруі, жұлдыздар қойнауы мен оның сыртқы қабатындағы физикалық процестерге байланысты болады. Олардың қатарына лапылдамалы (пульсациялы) айнымалы жұлдыздар (қ. Цефеидтер) жатады.
Сондай-ақ айнымалы жұлдыздардың эруптивті, пульсарлар, тығыз орналасқан қос жұлдыздар сияқты түрлері де бар. Айнымалы жұлдыздар жарығының өзгеру периоды бірнеше сағаттан (Лирадағы RR, Қалқандағы δ және Үлкен Арландағы β), ондаған (Цефеидтер, Торпақтағы RV), тіпті жүздеген (Кит шоқжұлдызы) тәулікке дейін созылады.
Айнымалы жұлдыздарды белгілеу үшін шоқжұлдыз көрсетуі мен латын әріптері қолданылады. Бір шоқжұлдыз шегінде айнымалы жұлдызға келесідей ретте бір латын әріпі, екі әріп комбинациясы немесе номермен V әріпі беріледі. Мысалы, S Car, RT Per, V557 Sgr.
Қандай да объектердің жерден бақыланатын жарқырауының айнымалылығын анықтайтын негізгі себептер арқылы айнымалыларды келесі кластарға бөлуге болады: эруптивті (жарылғыш), пульсациялайтын және жұп-тұтылмалы.
IV ОКПЗ-да айнымалы жұлдыздар үлкен үш класқа бөлінген: эруптивті, пульсациялайтын айнымалы және тұтылмалы айнымалылар типтеріне жіктеледі; кейбір типтері – кіші типтерге бөлінеді.
Пульсациялайтын айнымалыларға жұлдыздар құрылымының ішінде болатын процесстермен байланысты туындайтын айнымалылық тән жұлдыздар жатады. Бұл типтегі жұлдыздар жарқырауы біртіндеп өзгереді. Ол радиусы мен бетінің температурасының периодты өзгерісіне байланысты. Пульсациялайтын жұлдыздардың периодының өзгеруі күн бөлігінен (RR Лира типті жұлдыздар) ондаған (цефеидтер), жүздеген (миридалар – Мира Кита типіндегі жұлдыздар) күндерге дейін созылады. Пульсациялайтын жұлдыздардың шамамен 14мың түрі ашылған.
Айнымалы жұлдыздардың екінші класы – жарылғыш, басқаша эруптивті жұлдыздар. Бұған, біріншіден, өте жаңа, жаңа, қайталама жаңа, N Егіздер типтіндегі жұлдыздар, жаңаұқсас, және симбиотикалық жұлдыздар. Эруптивті жұлдыздарға жас, тез айнымалы жұлдыздар, NV Кита типіндегі жұлдыздар және осыларға жақын объекттер тізбегі жатады. Ашылған эруптивті айнымалылар саны 2000-нан жоғары.
Тұтылмалы айнымалы жұлдыздарды қорытыңыз
Тұтылмалы айнымалылар – орбитасының жазықтығы көру сәулесіне параллель қос жүйелер. Ортақ ауырлық центрінен айналғанда олар бір-бірін кезекпен тұтады. Осы себептен олардың жарқырауының өзгерісі туындайды. Тұтылу болмағанда бақылаушыға екі компоненттен де жарық келеді, тұтылу кезінде жарық тұтып жатқан бөлігі үшін әлсірейді. Тығыз жүйелерде қосынды жарқырау шамасының өзгерісі жұлдыздың формасының бұзылуымен байланысты. Тұтылмалы жұлдыздардың периоды бірнеше сағаттан ондаған жылға дейін созылады.Физикалық айнымалы жұлдыздарды талдаңыз
Құсжолына анықтама беріңіз