Ата- аналарға арналған психологиялық тренингтер Тренингтің мақсаты



бет1/2
Дата25.09.2022
өлшемі16,76 Kb.
#40159
түріРегламент
  1   2
Байланысты:
Ата ана тренинг


Ата- аналарға арналған психологиялық тренингтер
Тренингтің мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, қарым - қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету.
Қатысушылар: 10-11 сынып ата-аналар

Тренинг ережесі:

- Тренингке берілген регламентті сақтау;
- Тренинг барысында бір-бірінің сөзін бөлмеу;
- Қатысушылармен бірігіп жұмыс жасау;
- Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу
Ұйымдастыру кезеңі:
1-жаттығу «Өрмекшінің торы» атты танысу тренингі
Сіздермен танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткіземін. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнімді және жақсы қасиеттерімді айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын. Осылайша кезектесіп жіпті бір – біріңізге бересіздер. Бір-бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Енді сіз алдыңыздағы адамның аты мен жақсы қасиеттерін айта отырып, кері қайтарып бересіздер.
2-жаттығу «Қар қиыршықтары»
Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктеймізде оң жақ бұрышын жыртып аламыз.Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.
Талдау:

  • Кімде бірдей қар қиындысы шықты?

  • Жоқ, Себебі неде деп ойлайсыңдар?

  • Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақта қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыңдар?

  • Психолог сөзі: Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Ал балаларымызға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, әрқайсысының ойлауы, дүниетануы көзқарасы бәрі де әр түрлі. Бүгіні жиналуымыздың бірден бір себебі ҰБТ-ға балаңызды дайындауда қолдау көрсету.

3-жаттығу «Мен үшін ҰБТ...»
Келіңіздер, осы тақырып төңірегінде пікір алмасайық.
Ата -анасы баласына ҰБТ- ден жоғары ұпай ала алмасаң, бізден жақсылық күтпе, біз саған көмектеспейміз дейді. Ал баласы ҰБТ- дан төмен ұпай жинап жүр. Осындай сөздерден оң ол ешкімді көргісі келмеді.
Сұрақ: Ата- ананың бұл ісіне қалай қарар едіңіз? Сіздің ойыңыз? Өзіңіз балаңызды ҰБТ- ге қалай дайындар едіңіз? ҰБТ -ға психологиялық ахуалды қалай жасайсыз?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет