Ата- аналарға арналған психологиялық тренингтер Тренингтің мақсаты


-жаттығу «Менің отбасым» жобалау әдістемесі



бет2/2
Дата25.09.2022
өлшемі16,76 Kb.
#40159
түріРегламент
1   2
Байланысты:
Ата ана тренинг

4-жаттығу «Менің отбасым» жобалау әдістемесі
Нұсқау: Қатысушыларға алдын ала салынған балаларының «Менің отбасым» тақырыбына суреттерін парта үстіне қойылады. Салынған суреттердің ішінен ата – аналар өз балаларының салған суреттерін табуы қажет.
Талқылау сұрақтары:
Өз балаңыздың суретін табу қиын болды ма?
Өз балаңыздың суретін қандай элементтер бойынша таптыңыз?
5-жаттығу «Дыбыстық гимнастика»
Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген әріптерді хормен қайталау. Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіреді.
А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады
Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді
И –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады
О –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді
Х- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі
Ха – ха – көңіл күйді көтереді.


6-релаксация «Ашық хат» (алдын ала бітіруші түлектер анасына хат жазады)
Нұсқау: Балаларыңыз сіздерге деген жүрек түбіндегі лебіздері мен құрметтерін, айта алмай жүрген ойларын ашық хат бетіне түсірген болатын. Сондықтан ашық хатты оқып шығып, балаларыңызға сіздерде ашық хат жазыңыздар. Ашық хатты балаңызға айтпай жүрген еркелетін сөздермен бастап, болашаққа өмір жолына тіліктеріңізді жазыңыздар.
(Ата-аналардың жазған хаттарын конвертке салып балаларының аты-жөнін жазғызып, балаларына келесі тренингте таратып беру керек)
Психолог сөзі. Ата-аналар сіздерге бүгінгі психологиялық тренингке қатысқандарыңызға рахмет айта отырып, отбасылық амандық, балаларыңыз әрдайым сіздерді қуанта берсін деймін. Барлығымыз бірлесе отырып, алдарыңызда тұрған үлкен Тілек ағашына мектеп мұғалімдеріне, ата-аналарына, балаларыңызға деген тілектеріңізді жазып қалдырайық!
Осындай жақсы күндеріміз көп болсын, тілектеріміз қабыл болсын!


Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес
(ақ қағаз шығарып таратып беру керек)
• Балалардың ҰБТ-дан алатын ұпай саны туралы уайымдамаңыз және балаларды ҰБТ-дан кейін сынамаңыз. Балаға тестілеуден алатын балл саны оның мүмкіншілігін тексеретін толық көрсеткіш емес екендігіне сендіріңіз.
• ҰБТ қарсаңында баланы көп мазаламаңыз – бұл тестілеу қорытындысына теріс әсер етуі мүмкін. Ата-аналарының қобалжуы балаларға беріледі. Ал егер ата-анасы жауапты кезеңдерде өз эмоцияларына ие бола алмаса, жас бала тіпті де қажып, сынуы мүмкін. Балаларды сергітіп, олар орындаған әр жақсы істері үшін мақтау айтыңыз.
• Балалардың өз-өзіне деген сенімділігін арттырыңыз, себебі балалар сәтсіздіктен қорқа түскені сайын, қателіктер жіберу ықтималдығы да арта түседі.
• Балаңыздың көңіл-күйі мен денсаулығын жиі тексеріп, қадағалап отырыңыз, баланың жан дүниесін Сізден артық ешкім түсінбейді.
• Баланың дайындық режимін қадағалап отырыңыз, бала дайындық арасында дем алып отыруы тиіс.
• Баланың тамақтануына үлкен көңіл бөліңіз: баланың оймен қарқынды жұмыс істеу кезінде оған сіңімді әрі әр түрлі дәрумендері көп тағамдар жеуі керек. Балық, ірімшік, дәндер, құрма т.б. тағамдар мидың жұмыс істеуіне жақсы көмектеседі.
• ҰБТ-ы ертең тапсырады деген күні бала жақсылап дем алып, ұйқысын қандыруы керек.
• Тест кезінде мыналарға көңіл бөлуіне кеңес беріңіз:
- Қандай тапсырмалар түрі бар екенін көру үшін тестіге көзін бір жүргізіп өтсін, ол жұмысқа толық ден қоюына көмектеседі;
- Сұрақты соңына дейін оқып шығып, мағынасын түсіну керек (көбінесе балалар сұрақты соңына дейін оқымай жатып, алғашқы сөздерінен-ақ жауап беруге асығады);
- Егер берілген уақыт ішінде дұрыс жауап таба алмаса, өз интуициясына сүйенуді үйретіңіз.
Есіңізде болсын, ең бастысы – баланы қобалжу мен қорқудан а

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет