Мақсаты:Жас ұрпақты парасатты,ақылды,мейірімді жан-жақты тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптастасуына ата-ана беретін тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, қарым-қатынас орнату. Ата-аналардың мектеппен, сынып жетекшімен тығыз байланысын орнату.
Жоспар: I.«Жан жылуы» жаттығуы (ата-аналармен сәлемдесу) VI. Шығармашылық топтық жұмыс VII. «Сурет салайық» жаттығуы VIII.Қортынды I. «Өрмекші торы» 1.Ата-аналарды ортаға шақырамыз. Допты кез-келген адамға лақтыра отырып, өзінің атын, жақсы қасиетімен баласының атын жақсы қасиетін айтады.Доптыкері лақтырған кезде ата – аналар, баласының сүйікті ісі мен үйде қалай еркелететінін айтады.
2.«Үш түс-үш есік»
Үш столда сары, көк, қызыл үш түсті қағаз қойылады.Бұлар үш есік деп аталады.Тренир қатысушылардан қай есікке кіретіндіктерін сұрайды.Әр қатысушы өзінің кіретін есігін пайымдайды.Жауабы төмендегіше:
Сары түс-өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік-күші мол, қайсар, түрлі идеяға толы жансыз.Бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз.Баланың жетік дамуына барлық жағдай жасайсыз.
Қызыл түс-бірбеткей, мақсат-мұратыңыз үшін күреске дайынсыз.Балаға қатал талап қоясыз.Ескертулеріңізді балаңызға мүмкіндігінше жұмсартып жеткізіңіз.
Көк түс-ақкөңіл, байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз.Бала тәрбиесіне кей уақытта немқұрайлы қарайсыз.Балаңыздың оқу істерін жиі бақылауға алғаныңыз дұрыс деп кеңес береміз.
1: Билікке ұмтылғыш болып келеді. Оған күш-қайраты да, ойы да жетеді. Мансапқа жету жолында өзгенің айтқан сақтығын да ескермейді. Шығармашылық ой¬лау қа¬білеті өте жоғары. Кез келген жағдайдан шығудың жолын табады. Барға мақтанбайды, жоққа мойымайды. Кейде «бірінші» болу үшін өзгені құрбандыққа шалып жібереді.
2: Мінезіндегі ерекшелік – ынтымақтастық. Олар жақсы жар, сыйлас әріптес, сырлас дос болуға икемді. Екінші жақтың пікірімен есептесіп отырады. Бұл құлдық психология емес, бірақ кейде оны түсінбегендер оны өзіне тәуелді еткілері келеді. Өзгенің тапсырмасын өте ыждағатты орындайды, осы мінезінің арқасында өзіне орынтақ жасайды.
3 Достары көп, көңілділіктің билігінде көп тербеліп жүреді. Олар «ортаның тұздығы», олардың төңірегінде адамдар көп жүреді. Табиғатынан тартымды, сүйкімді, өздері де осы жақсы қасиеттерінің арқасында жақсы көрінетіндіктерін біліп, сол арқылы көрінгілері келеді. Олар жан-жақты, көп нәрсені істей алады, бірақ ең негізгісін таңдай алмайды.
4: Еңбекқор, мықты адамдар. Қоғамдық қарым-қатынастардың барлығының негізін қалаушы. Мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдамайды. Жаны тәртіптілікті қалайды. Кез келген мәселені соңына дейін шешуді жақсы көреді. Тәртіпсіздік пен бей-берекетсіздікке жаны қас. Іскер, тапсырманы ақыл мен қисынға салып оңай орындайды, сирек қателеседі. Өте адал, сенімді, айналасындағылардан да соны талап етеді. Әділет¬сіздікке жаны төзбейді.
5: Мінезіне – өзгеріп тұру тән. Көп саяхаттағанды ұнатады. Қызығушылығын, өмірге көз¬қарасын жиі-жиі өзгертіп, іздену үстінде болады. Тұрақсыздығы да бар. Өмірдің барлық қызығын көріп қалғысы келеді. Қаруы – сөз. Сөзге қатысы бар барлық салада өзін сынап көреді. Ойы жүйрік, әзілге шебер. Бірақ кейде осы қабілетін өзгелерді тұқырту үшін пайдаланады. Жұмыс орнында да көп отырмайды.
6: Білімді, адамгерші¬лігі мол, үйге сыйымды жан. Қайда жүрсе де тыныштық пен үйлесімділікті сақтап отырады. Оны өмір сүрудің өлшемі деп ұғады. Махаббатқа ерекше құрметпен қарайды. Өз отбасына қарым-қатынасын осы негізде құрады. Жақындарының өмірін де жайлы етуге тырысады. Оның көп жауапкерші¬ігін өз мойнына алады.
7: Ойлауға бейімді. Кез келген нәрсені ұсақ-түйегіне дейін ой елегінен өткізеді, сондықтан ол сырт адамға сылбыр, түсініксіз көрінеді. Өз сезімін сыртқа шығармайды. Өнер «тілін» жақсы түсінеді. Адам қабілеті жетпейтін нәрселердің жауабын жиі іздейді. Философиямен айналысады.
8: Ақшаға байланысты істері өркендейді. Даңқ пен байлыққа жақын жүреді. Материал¬ық жағдайы үстем болады. Адамдардың жан дүниесін түсінеді, оларға қиналған күндері қол ұшын беруге даяр тұрады.
9: «9» – метафизика мен философияның саны. Сананың жоғары деңгейіндегі адам. Кемеңгер. Саяхаттағанды ұнатады. Мінезін өзгерістер қалыптастырады. Барлық ұлт пен ұлыстардың әдет-ғұрпын білуге құлшынады. Ел билеушіге тән табандылық пен төзімділікті игерген.
10: Күш-қуаттың қой¬масы іспеттес. Ақылды, күшті, шығармашылық қабілеті жоғары. Жолындағы кедергілерді оңай жеңеді. Жеңілістің өзін жеңіске айналдырады. Оны іскерлік қабі¬леті мен басшылық пайымы үшін ұнатады. Билігін білек күшімен ше¬шуге тырысатын кездері де аз емес. Оны сырт көзден жасыруға тырысқанымен, байқалып тұрады.
VI. «Сурет салайық» жаттығу
Қолыңызға парақ, қалам алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз. Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішкентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі- үш ағаш салыңыз. Енді қайтып келіп ағаштың қасына өзіңізді жатқызып салыңыз. Енді параққа қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сала алдыңызба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?
Жауабы:
1. Дөңгелек жиі орналасса: Отбасындағы қарым- қатынас жиі кикілжіңде болады;
2.Дөңгелектерден алшақ болса: отбасындағы бала тәрбиесіне жиі көңіл бөлмейсіз;3. Дөңгелектің дәл ортасында болса: өзіңізді дара тұлға деп білесіз
4.Өзіңіз шеңберге түспей қалсаңыз: Отбасында отбасы мүшелерімен жиі кикілжіңге келіп қаласыз;