Ата- аналарға психологиялық тренинг : Жүрек жылуы Мақсаты



бет2/2
Дата31.01.2023
өлшемі25,67 Kb.
#64103
1   2
Байланысты:
Қазына тренинг

Қызықты сұрақтар:

  1. Балаңыздың туған күні?

  1. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

  1. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

  1. Балаңыздың парталас көршісі кім?

  1. Бүгін сабақтан қандай баға алды?

  1. Балаңыздың сүйікті асы не?

  1. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

  1. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

  1. Балаңыз сыныпқа қай жылы барды?

  1. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

  1. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?




  1. «Қолынан танып біл!».

Көздері байлаулы балалар ата-анасын тауып алулары керек.
Талдау:

  1. Сізге анаңызды табуға не көмектесті?

2. Анаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?

  1. «Менің анамның үні».

Баланың көзі байланып, аналар кезекпен оның есімін атап шақыруы керек. Баласы анасын дауысы арқылы табу керек.
– Балаңыз сізді тауып алғанда қандай сезімде болдыңыз?
– Анаңыздың дауысын ажырату қиынға соқты ма?
– Анаңды тауып алғанда қандай сезімде болдың


VIIҚортынды:
Ата-аналар өз тілектерін білдіру үшін стикерге жазып тақтада ілініп тұрған ағашқа іледі.
Отан отбасынан басталады. Кез келген ата-ана бала қыз бен ұл балаға дұрыс тәлім-тәрбие беруге міндетті. Оларды еңбекке, білімге баулуға, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуге үйретуіміз керек. Бұл барлық ата-ананың мойнына жүктелген борыш. Сол себептен болуы керек ата-бабамыз «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген екен. Сіздің әрбір жасаған ісіңіз, баланың сана сезіміне тікелей ықпал етеді. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ұл әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші ата-ана. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!
Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет