Ата-аналар жиналысы Тақырыбы : «Отбасы- тәрбиенің ұясы» Мақсаты



бет1/3
Дата05.08.2023
өлшемі229,3 Kb.
#105058
  1   2   3
Байланысты:
prosveshenie-ата аналар жиналысы


Салтанат Давлеткалиева
№ 40 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
Орал қаласы


Ата-аналар жиналысы
Тақырыбы : «Отбасы- тәрбиенің ұясы»
Мақсаты: ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту; ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру; баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі;
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі;
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірлесіп жұмыс жасауы.
Құрал-жабдық: компьютер, проектор, презентация -слайд, маркерлер, ақ қағаздар.
Ұйымдастыру бөлімі
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата -аналар, қонақтар! Бүгінгі өткізгелі отырған «Отбасы- тәрбиенің ұясы» атты ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!
Сіздерді ортаға шақырамыз.

Дөңгеленіп тұрайық


Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Міне,сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің,отбасымыздың қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегіміз келеді.


Ал, енді жұмысымызды жалғастырайық. Ол үшін топқа бөлініп алайық.
Топқа бөліну үшін сіздер суреттерді таңдайсыздар.Ол суреттерде өлең жолдары берілген.Сіздің мақсатыңыз өлең жолдарынан өлең құрастыру.
( Әке, ана, балаға арналған өлең шумақтары таратылып беріледі. Ата – аналар өлең шумақтарын іздеп,тауып арқылы топқа бөлінеді және әр топ өз эмблемаларын алады)

1 - топ
Жан әке, шертіп сезім домбырасын,


Кеудемді қуанышқа толтырасың.
Арманның асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.


2 - топ
Мәңгі жарық күн сыйлаған маған,


Бір адам бар - ол өзіңсің, анам!
Мейірімге бір өзіңнен қанам,
Жылуды да жүрегіңнен алам.



3 - топ
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз - бақытты баламыз!
Үлкендерді сыйлаймыз біз,
Біз қолқанат баламыз!

Өлең шумақтары кім туралы? Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.


Орыс педагогі Антон Семёнович Макаренко айтқандай «Тәрбие-баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек» .


Баланың бас ұстазы – ата- ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соңы ілерсің» деген дана сөз бар. Әр отбасында ата-ананың орныбөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-отбасының асыраушысы, қамқоршысы,тірегі деп білсек, ана-отбасының ұйытқысы, жылуы.
Жақсы ана отбасына береке әкеліп жанұясын бақытқа бөлейді. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ.
«Бала-адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қадағалайды.
«Бала – өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген.
«Әрбір баланың мінез – құлқы ата-ананың жағымды іс –әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп Иван Петрович Павлов айтқандай, баланың мінез-құлқы өскен ортасында, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады.
Ата-ана – бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы. Сондықтан, жиналысымызға қатынасып отырған ата-аналар экранға назар аударайық.
( «Сәби болғым келмейді» атты бейне баянын көру)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет