Пікір талас. 1.Қазіргі кезде тастанды балалардың көбеюінің себебі неде деп ойлайсыңдар?
2. Осындай келеңсіз істерге ер азаматтардың да қатысы бар ма?
3.Біздің қоғамда баланың теріс жолға түсіп кетуі мектепте дұрыс тәрбие бермеуінен деген көзқарас бар. Сол қаншалықты дұрыс?
«Ұл ұяты – әкеге, қыз ұяты – шешеге» дейтұғын қазақтың ұлттық ұстанымынан бүгінде жұрдай болдық. Дәл кешегідей қызға қырық үйден тыйым салынып отырған жоқ. Өйткені, қоғам азды деген біржақты пікірлер де бар.
Мейірімділік – адамның бет - әлпетінен, іс-әрекетінен көрініп тұратын шынайы қасиет. Сондықтан кімде-кім басқа адамның ақыл-ойы, мүлде тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көмектессе, сол адамды демеп жебесе ол мейрімділікке жатады.
Олай болса Фариза Оңғарсынованың «Жетім қыздың монологын» тыңдайық.
Бұл монологты тыңдап елжіремейтін адам, езілмейтін жүрек жоқ шығар.
Осындай қатігездік қайдан шығады деп ойлайсыңдар? Енді осы тыңдалым бойынша сұрақ қояйық:
1.Ата - аналар, сіздер осы монолог бойынша не айтар едіңдер?
2.Сіздерге бұл өлең қалай әсер етті?
3.Бұл баланың бойыннан қандай қасиет байқалады?
4.Баланы осындай жағдайға жеткізбеудің жолдары қандай?
Осы жерде біз ата-аналарға мынадай кеңес айтар едік.
Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіздер.
1-қателік. Балаларды орынсыз еркелету;
2 – қателік. «Не істесең оны істе, маған бәрібір» деп айту;
3-қателік. Аса қаталдық, яғни «Мен не айтсам, соны орындауың керек, өйткені мен сенің ата — анаңмын» деп айту;
4-қателік. «Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін» деп айту;
5-қателік. «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ» деп айту;
6-қателік. Балаңызды баршылыққа баулымау.
Міне, құрметті ата-аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана ,балаңыздың саналы азамат болып өсіп, сізді бақытқа кенелтері сөзсіз деп ойымызды қорытындылап келесі топтық жұмысқа көшейік.
Топтық жұмысты бастамас бұрын «Аялы алақан» атты өсиет - әңгімеге тоқталайық.
Өсиет әңгіме. Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.
Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.
- Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті.
Топтық жұмыс 1 топ: Қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?
2 топ: Әке орнында болсаңыз сіздің іс-әрекетіңіз?
3топ: Ананың балаға жауабы
Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.