– Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ...
Дұрыс жауаптары:
– Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуға құлқы болмайды)
– Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді)
– Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшін оқиды)
– Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды түсінуге тырысады)
– Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді)
– Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол адамдарға сеніммен қарайды)
– Егер бала кекшілдікте өссе, ... (ол қатыгез болып өседі)
– Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ... (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді)
«БЕС САУСАҚ» ӘДІСІ
Пікір қалдыру
Қорытынды бөлім: Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр. Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.
Қатысқандарыңызға рахмет! Жақсы әсер алдыңыз деп үміттенемін!