2023-2024 оқу жылының 2023 жылдың 23 қазан күні Авиценна медициналық колледжінде 103 топ ата – аналарымен өтті.
Жиналысқа қатысуға тиісті: 24
Қатысқаны –
Қатыспағаны –
Себептісі –
Топ кураторы: Ақсамбай Қарагөз
Тақырыбы
«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және колледжбен байланысы »
Мақсаты:
1. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
2. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
3. Ата-аналар комитетін сайлау
Күн тәртібінде:
1.Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және
колледжбен байланысы »
2. Ата-аналар комитетін сайлау
3. Ағымдағы мәселелер.
Тыңдалды:
1.Мәселе
Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және колледжбен байланысы»
“Отбасы –шағын мемлекет
Мен-президент, сен-премьер...”
Қ. Аманжолов
Отбасы- ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі, кіріс- шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б болмыс-тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген.
Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана.
Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамиды:адамгершілік
бауырмалдық
татулық
қайырымдылық
әдептілік
инабаттылық
өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызу
оның үйренуіне көмектесу
берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулын төзімділікпен бақылау істеген ісін ұқыпты , тындырымды орындауына бағыт беру
жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру
Балаға теріс әсер етеді:
Жанұядағы жанжал,
үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы,
баланың көзінше басқа біреуді сөгуі,
біреудің сыртынан өсек айтуы
балалардың көзінше арақ ішу,
үсті-үстіне темекі тарту т.б.
«Балаңда өсер, көкейіңді тесер»
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады
Кейде сабақты жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады.
Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін.
Сондықтан
Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту,
тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру,
табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту,
сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру
дұрыс білім алуына жағдай жасау
Ата-анаға берілетін кеңес:
1. Балаға колледж, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.
2. Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.
3. Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.
4. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.
5. Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).
6. Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Ой толғанысы ...
1. Егер баланы үнемі сынап отырса, оқуға құлқы болмайды
Балаға үнемі күлсе, бұйығы болып өседі
Баланы қолдап отырса, білімге деген ынтасы артады
2. Балаға сенім артса, ол батыл болады
Бала төзімділікте өссе, адал болып жетіледі
Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамға сеніммен қарайды
3 Бала кекшілдікте өссе, ол қатыгез болып өседі
Бала адалдықта өссе, әділ болып жетіледі
Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе, бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді.
Баяндама бойынша оқушының талаптары, ережесі, оқу-құралдары, мектеп, ата-ана арасындағы байланыс, түсіністік ортақ нәтиже туралы құнды ой-пікірлер айтылды, қоштайтындығын білдірді.
2- мәселе
2.Ата-аналар комитетін сайлау
Жарыссөзге қатысқандар:
Ата-аналар комитетінің құрамына
Ата-аналар комитетінің басшысы -
3- мәселе
Топ кураторы: Ақсамбай Қарагөз Ерланқызы оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды.
а) мекенжай, ата-ананың қызмет орны;
ә) студент денсаулығы;
б) студент формасы;
4- мәселе
а) екінші аяқ киімді тастамау, дене шынықтыру киімін өздерімен алып келу
ә) әдеби кітапшалар алып беру (сабақ алдында 2-3 минуттық оқу)
Қаулы :
Ата-аналар жиналысы төмендегідей қаулы қабылдады:
1. «Мектеп, оқушы, ата-ана» атты баяндама тыңдалды.
2. .Ата-аналар комитетін сайланды
Ата-аналар комитетінің құрамына
Ата-аналар комитетінің төрайымы -
3. Ағымдағы мәселелер ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ.