Ата-аналар кодексінде былай жазылған:
-Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті;
-Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес;
-Баланы жақсы көргендізінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;
-Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар.
Ата-аналарға арналған этикалық кодексте:
1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.
2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.
3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.
4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.
5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.
6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс алмаңыз.
7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.
8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.
9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.
10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз.
11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.
12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз.
13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.
Ата-аналар бала тәрбиесіне уақыт жетпейді деп қиналады. Меңінше жоспарлай білсе, уақытты жеткізуге болады. Үлкендер уақытты босқа жұмсамаса, баламен жүйелі жұмысқа уақыт табылады. Мысалы: дүкенге, базарға, қонаққа, теледидарға, телефонға кететін уақыттарды үнемдесе.
Бала тәрбиесін бүгін емес, ертеңге қалдырсаңыз кеш болады. Балаға бүгін берілуі тиіс тәрбиені кейінгі қалдырмаңыз. Тәрбиеде із қалдыратын алтын уақыт қайталанбайды. Өсіп кеткен балаға дер кезінде берілмей қалған тәрбие жұғымсыз, дәмді тамақ сияқты болатыны бар.
Өмірде көп игіліктер келіп, кетіп жатады. Ал адам үшін ең өміршең байлық, зор құндылық – отбасының балаға деген сезімі.
Әр адамның өмір сүру тәжірибесі әр түрлі. Дегенмен кез келген отбасы нәресте дүниеге келген күннен бастап, күнделікті дағдысына, уақыт кестесіне өзгеріс енгізгені жөн. Сонда баламен шұғылдануға күн сайын бір-екі сағат уақыт табылатын болады.
Бала тәрбиесіндегі ең басты шарт – күнделікті, тұрақты, нақты, сабақтастықты үзбеу. Балаларымыз – болашағымыз. Ал болашағымыз бапты, бақытты болғанға не жетсін.
Қашан, қай жаста болса да бала тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Кеш те болса, жалғастыру керек. Алайда, бала өскен сайын тәрбиелеу тәсілдері де қиындай беретіні жасырын емес.
-Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп, күтіне білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,
Білімді жинап, дүниені шолатындай, - балаларыңыз, үлкен азамат болып өссің!
Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз.
Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген", - парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.
Достарыңызбен бөлісу: |