Мектебімізде ата-аналардыпедагогикалыққолдауорталығының қатысуымен 17 қараша күні "Бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігі" тақырыбында әкелермен кездесу өтті. Бұл шараның мақсаты қазақ отбасындағы әкенің орнының қаншалықты биік екендігін дәріптеу.Әр бала – отбасының, әр азамат – мемлекеттің көрінісі» деген сөз бекер айтылмаған. Бала тәрбиесі – жеңіл жұмыс емес, онда әкенің де, шешенің де қатысы теңдей болуы тиіс. Әсіресе, әкенің рөлі өте маңызды, өйткені, ол баласы үшін еліктеудің нағыз үлгісі және ең басты кеңес берушісі.Отбасындағы ұл тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелейді. Ер бала ең алдымен әкенің өнегесінен нағыз ер адам қандай болу керектігін қабылдайды.Кездесу барысында осы ойлар төңірегінде тренингтер өткізіліп, түрлі тапсырмалар берілді. Топтық жұмыс негізінде әкелер өздеріне берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, құнды пікірлерімен бөлісті.