Заңдылық ұғымы нені білдіреді?



Дата18.05.2022
өлшемі15,05 Kb.
#34865
Байланысты:
Құқық.docx


1. “Заңдылық ұғымы нені білдіреді?”
Заңдылық – бұл қоғамдық қатынастардың қатысушыларының құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы. Заңдылықтың мәні құқық қорғау органдарының құқық нормаларын жауапкершілікпен сақтап, орындап, қолдануында болады. Заңдылықтың екі жағы бар:
а) мазмұнды жағы – құқықтық, әділ, ғылыми негізделген заңдардың болуы;
ә) формальды жағы – оларды орындау. Заңдылықтың субъектілері қоғамдық қатынастардың барлық қатысушылары болып есептеледі, олар: мемлекет және оның органдары; қоғамдық және басқа да ұйымдар; еңбек ұжымдары; лауазымды тұлғалар; азаматтар. Заңдылықтың объектісі – заңды міндетті тұлғалардың жүріс-тұрысы, олардың санасы, еркі мен әрекеттері.
2. Мемлекеттің құқық қорғау қызметінің негізгі міндеттерінің мазмұнын ашып көрсетіңіздер.
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп, әртүрлі органдар құрылады. Қазақстан Республикасында мынандай құқық қорғау органдары құрылған: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әртүрлі мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б. сот органдары, адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шегара әскерлері, президент күзетінің қызметі және т.б.).
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.
• Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген.
• Прокуратураның басты міндеті: мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының заңдарды, президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануын жоғарыдан қадағалау.
Құқық органдары төмендегі қағидаттар негізінде жұмыс істеуге міндетті:
1) заңдылық;
2) адамның құқықтары мен бостандықтарын басым қамтамасыз ету;
3) барлығының заң алдындағы теңдігі;
4) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық нормаларын сақтау;
5) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси партияларда болуға тыйым салу.
3. Сот төрелігі дегеніміз не?
Сот төрелігі – қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау және шешу жөніндегі құқықтық қызметінің бір түрі. Сот билігін жүргізуші – судья.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет