Ата-аналарға арналған жадынама «Жыныстық қол сұғушылықтын алдын-алу» Балаңызбен сырласу үшін оның да бір ыңғайлы жолын таба білгеніңіз жөн - 13-14 жасқа келген жасөспірім махаббат мәні, ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас сияқты бірқатар мәселелерді байқайды. Жыныстық ұстамдылықтың көздейтін мақсаты – ерлі-зайыптылар арасындағы адалдық туралы түсінікті қалыптастыру. Отбасылы болудың түпкілікті екі мақсаты бар, ол бақытты өмір сүріп, бала тәрбиелеу! Сонымен, сайып келгенде, жыныстық ұстамдылықтың мәні де махаббат пен өзара құрметке бөленген бақытты отбасын құру боп шығады. Сондықтан, балиғатқа толған қыз бен ұлды махаббат пен адал неке жоқ жерде өмірдің сәні болмайтынын түсінетіндей етіп тәрбиелеу керек.
- Өздері үлгі көрсетпесе, ата-ананың бос сөзі мен әңгімесінен еш пайда жоқ. Бала тәрбиесіндегі ең әсерлі фактор – ата-ананың бір-бірін сыйлауы, ынтымағы, сүйіспеншілігі, бір-біріне деген қамқорлығы және кішіпейілдігі.
Бала тәрбиесіндегі ең әсерлі фактор – ата-ананың бір-бірін сыйлауы, ынтымағы, сүйіспеншілігі, бір-біріне деген қамқорлығы және кішіпейілдігі. v Жас баланың ерік-күші мен ұялшақтық сезімі, яғни, ары - оның адамгершілігінің сенімді сақтаушысы. Ұялу балиғатқа толмаған жасөспірімнің жабайы түйсіктен тартынып, өзінің мінез құлқына дұрыс бағдар беруіне көмектеседі. Сондықтан, «ұят болады» деген ұғымды адамның жеке басының қадір-қасиеті ретінде баланың бойында сәби кезінен бастап мықтап қалыптастыру қажет.
v Баланың жыныстық жағынан ұстамды болуы үшін оның күнделікті үй шаруасына қолғабыс етуі және оған деген қамқорлықтың орынды болуы маңызды. Мұндай жағдайда оның уақытты бос өткізуге, көп ойнауға, еріншектікке шамасы да қалмайды. Баланы өз-өзін күтуге арналған түрлі міндеттерден босатуға, жұмыс істетпеуге, дырдушыл, ерке етуге болмайды. Бұл баланың келешекте дұрыс адам боп өсуіне зор нұқсан келтіреді. Жастар арасында кездесетін моральға жат кейбір қылықтар ең алдымен, еңбек арқылы тәрбие ісінің болмағандығынан, қара жұмысқа жирене қарайтын жалқаулықтың салдарынан.