1 мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Г.Қожекенова І оқу тоқсанындағы оқушылардың көрсеткен білім сапасының көрсеткіштері туралы ата-аналаға ақпарат беріліп өтті.
2 мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы А.Теміржанова «Балаға рухани адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі» тренинг өткізу арқылы ата-аналға түрлі сұрақтар беріп ой бөлісті.
3 мәселе бойынша мектеп директоры С.Қойайдаров ата-аналар комитетінің құрамымен таныстырып,ата-аналар комитеттінің төрайымын тағайындады.
Сөйлеушілер:
*******.(ата-ана): Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары *******хабарламасы бойынша,өткен оқу тоқсанында жеткен жетістіктері аз емес екен.Менің *******қызым оқиды.Сабақ үлгерімі жақсы.Сыныптан тыс шараларға белсене қатысуына жағдай жасаймын.Үнемі сынып жетекшісімен байланыста боламын.Оқушыларымыз бен мұғалімдеріміздің жеткен жетістіктері көп болсын деймін.
******* (ата-ана) ******* хабарламасы бойынша балаларымыздың білім сапасы жақсы екен.Алдағы уақыттада үйден ата-аналар,мектептен мұғалімдер бәріміз бірігіп жұмыс жасасақ сапамыз бұданда жақсы болар еді.Мектепте балдарым оқиды.Мектепте өтіп жатқан шараларға белсене қатысады.Сынып жетекшілермен үнемі байланысып отырамын.