«Мен өмірді сүйемін» тренинг –ойыны Тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін» тренинг-ойыны Тренинг мақсаты



Дата04.04.2023
өлшемі17,02 Kb.
#79382

«Мен өмірді сүйемін» тренинг –ойыны
Тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін» тренинг-ойыны
Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.
Міндеті:

  • Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту;

  • оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;

  • Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу;

  • Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.

  • Ұйымдастырушылық кезең

  • Кіріспе сөз. Психолог сөзі. Қайырлы күн! Құрметті әріптестер және қымбатты оқушылар сіздерді көргендерімізге қуаныштымыз! Бүгінгі тренинг-ойын сабағымыздың тақырыбы «Мен өмірді сүйемін!». Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа» өмірде адамдардың бір - бірімен сыйластықта болуы керек.
    Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қақтығыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты.
    Олай болса, бүгінгі тренинг-ойынымыз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын. Сыныпты екі топқа бөлеміз. Бірінші топ – «Болашақ», екінші топ «Бақыт».



. Топтық шығармашылық жұмыс
І топқа тапсырма : «Менің балалық шағым» тақырыбына берілген ақ ватман, түрлі газет журналдардан қиылған суреттерді және скочты пайдалана отырып, сурет құрастыру, қорғау.
ІІ топқа тапсырма: «Менің қазіргі шағым» тақырыбына берілген параққа сурет салу. Нұсқау: суреттің әрбір бөлігін әр қатысушы салып, қорғау керек.
Екі топқа ортақ тапсырма: «Мен болашақта өзімді қалай елестетемін?» тақырыбына өздерінің шығармашылық қасиеттерін пайдалана отырып, берілген түрлі түсті қағазды қиып, ақ парақа желім арқылы жабыстыру, сурет құрастыру, қорғау.
Талқылау сұрақтары: Тапсырманы орындау қиын болды ма? Берілген тапсырма бір адамның ойымен ғана шықты ма? Немесе топ мүшелерінің ойы бір жерден шыға алды ма?
«Ойланып көрейік» жаттығуы.
Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту.
Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер:
Адам не үшін өмір сүреді?
- Үлгілі отбасын құру үшін.
- Білім алу үшін.
- Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін.
- Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін.
- Өзін өзгелерге таныту үшін.
Өмірден өз орнын табу деген не?
- Жоғары атаққа ие болу.
- Материалдық дербестік және мол дәулетке жету.
- Тату және берік отбасын құру
- Адал достар көп болу.
- Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу.
Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
- Еңбекқор, адал, әділ болу
- Қабілетті, дарынды болу.
- Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу.
- Адамдармен тіл табыса білу.
Оқушылардың сөздері қорытындыланып, бейнеролик көрсетіледі.
«Менің көңіл - күйім» тесті
1. Менің көңіл-күйім жиі нашар болады, жылаймын.
2. Адамдармен кездескенде оның көзіне тура қараудан қашамын.
3. Мен жиі ашуланамын.
4. Мені көпшіліктің өмірді маңызды болып көрінетін спорт, жұмыс, адамдармен қарым-қатынас қызықтырмайды.
5. Соңғы кезде мен сирек көңілсізденемін, тіпті күлмеймін.
6. мен білетін адамдардың көбі мені ренжітеді.
7. Мен әлсіздікті сеземін, жақын адамдармен мен таныстардың өміріне көңілім толмайды.
8. Соңғы уақытта көп сұрақтарға өзіндік пікірім жоқ.
9. Мен өте жай сөйлеймін, әңгімелескен адам мені түсінбей қалады.
10. мен әңгімелескен адамның сұрағына қалай жауап берерімді білмей қаламын.
Кілті:
1-2 ұпай. Сіз өмірдің қиындығына қарамастан, өміріңізге қуаныштысыз. Бұл жаман емес, бірақ белгілі жағдайда.
3-6 ұпай. Сіздің өмірге қатынасыңыз қалыпты, бірақ шаршағандық сезіледі.
9 ұпай. Сіз болып жатқанның бәрін теріс қабылдайсыз, неліктен сіздің өміріңізде қуанышты жағдайлар жоқ? Есіңе түсірші!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет