«Ата баласы» аталған соң,Қарыпхан атамның естелігіне арнадым



бет1/3
Дата05.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#71670
  1   2   3
Байланысты:
medet





Садықов Айқын Нұрбекұлы

Бұл кітапша аталмыш жанұялық пайдалану үшін жинастырылған.Осы шежіре кітапша үрдісімен келешек ата-буын шежіре жазу дәстүрін қолға алып,жанадандырады деген үміттемін.


«Ата баласы» аталған соң,Қарыпхан атамның естелігіне арнадым.

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمٰنِ الرَّحِيْمِ


Бұл шежіре һиджри бойынша 1444 жылы 29 раджаб күні(милади 20 ақпан,2023 жыл) басталды.Жинастырушы Қарыпхан немересі Айқын Нұрбекұлы.
Шежіре жаза бастауымның себебі.
Шежіренің маңыздылығы жайлы қазағым көп айтқан,алайда мен бұны осы жерде қарастырмаймын.Шыққан тегін,жеті атасын білмеу бұл мен үшін ұят,сұмдық кемістік болды.Осы жақын күндерге дейін біздің жанұямыз жеті атасын нақты білмей келген болатын.Жарты жылдай іздестіргеннен кейін,Аллаға тәубә,ағайындастарымыз,атап айтқанда Қабдуахитұлы Фазылжан қолжазбасын Мұхамедсапа Фазылжанұлы тауып берді.Қуанғаным соншалықты-дереу өз ата тармағымды жаза бастадым,ендігісі жоғалтпас үшін,ендігісі іздемес үшін.Келер буын ұрпақ жан-жағына қарап ағайындастарын танысын деп,аталарының басында болған қиыншылықты,шеккен зардабын ұмытпасын деп,қазақтың қалың ру-тайпасының арасында кім екенін білмей көштен қалған төл іспеттес болмасын деп жаза бастадым.
Осы шежірені оқу тәсілі.
Шежіре таблица ретінде көрсетілген.Үстіңгі жағында ата-буын реттік санмен көрсетілген.Қосымша ретінде астыңғы жағында мөлшерлі жылнама жазылды.Алдымен әке жазылады,кейін астынан оң бағанаға оның балалары жазылады бір бағанаға.Осы ағайындастардың ең үлкені қарамен боялып,астына келесі бағанаға тек соның ұрпақтары жазылады.Үлкен ұлдың ұрпақтары жазылып аяқталған соң,оның бауыры қайта өз бағанасына қара бояумен жазылады да,ізінше ұрпағы тарқатылады.Егер ұл жалғыз болса қарамен бояу қажет емес.Сол жақ бағанада мәлімет қай шежірешіден алынғандығы сан ретінде көрсетіледі.Бұл шежіре жүйесін Сыдықов Мүсәйіптің кітабінен қарап алдым.

Шежірешілер алқасы:


1 Қабдуахитұлы Фазылжан,Сатый
2 Сыдықов Мүсайіп,Қарагерей
3 Зейнолла Қайсенов,Саржомарт
4 Баймұхамет Тәттіқожаұлы,Төртқара
5 Айқын Нұрбекұлы,Сатый
6 Нәбиев Әзкен,Жәнібек
Шежіре тек Сатыйдың Медет деген ұлының тармағын ғана тарқатады,мұқым Сатый немесе Терістаңбалыны қарау үшін атақты шежірешілер кітаптарынан қарау керек,мысалы:
М.Қ.Сыдықов,Б.Кітапбаев,З.Қайсенов,Қ.Қоңырбаев(қолжазба архивте),М.Ақпанбекұлы және тағы басқалары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет