Атқа міну мәдениетінің генезисі. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар


Мемлекеттіліктің қалыптасуының бастапқы кезеңі, көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара қатынастары (б.з.б.III – б.з. II ғғ)



бет3/4
Дата03.11.2023
өлшемі32,64 Kb.
#121734
1   2   3   4
Байланысты:
Атқа міну (1) (копия)

3. Мемлекеттіліктің қалыптасуының бастапқы кезеңі, көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара қатынастары (б.з.б.III – б.з. II ғғ)

Ұлы Жібек жолы арқылы жүйелі қарым-қатынас б.з.б. 2 ғасырда басталған. Ұлы Жібек жолы үйсіндер мен қаңлылар жері арқылы өткен. Жібекті басшылар мен елшілерге сыйға тартқан, көптеген елдерде жауынгерлерге еңбекақы орнына берген. Ұлы Жібек жолы арқылы Рим шынысы мен теңгелері, Қытайдың ыдыстары мен айналары, жібегі, Еуропа ілгектері, Иранның асыл жүзіктері Қазақстанға жеткен.


Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Геродот бұл жолдың бір бағытын былайша сипаттаған: Қара теңіз жағалауынан Дон өзеніне дейін, сарматтар жері, Орал маңы, Ертіс пен Алтайға дейін.
Усундер - Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесбалыкты «Усун князінің шекарасы» деп атайтынын ескерсек, усундердің шығыс шегі бір кездерде Бесбалык ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Усундер иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Усундер иеліктерінің орталығы - Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы - «Қызыл Аңғар қаласы» ЬІстықкөл мен Іле, өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Чжан Цянның (б.з.б. II ғ.) хабарлауына қарағанда, усундердің «бұрын» мекендеген жері шығыстағы алыс бір жерде болған, мұның шындыққа жанаспайтыны анық[5].
«Усун» терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр. Ол қытайдың иероглифтік жазбаларынан ғана мәлім, оның қазіргі айтылуы қазақ этнонимдерінің бірі - Ұлы жүз қазақтарының басты этникалық компоненті болып табылатын тайпаның өзін атайтынындай «үйсін» сөзіне сәйкес келеді. Бірқатар зерттеушілер бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлім асиан этнонимі деп білуге бейім. Алайда соңғы зерттеулерде асиан термині яғни этнонимінің диалектілік нұсқаларының бірі болуы мүмкін деген басқаша түсініктеме айтылады, ал оның транскрипциясының дәстүрлі ертедегі қытайша түрі қазіргі қытай тілінде айтылатын (юечжи) иероглифтері болған[4].
Усун терминінің транскрипциясын түсіндірудің тағы бір нұсқасы бар. Қазір у-сун деп айтылатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде а-сман, яғни асман, «аспан» делініп айтылған деп жорамалданады. Бұл айтылғандарды усун гуньмосына күйеуге берілген қытай ханшасынын хатындағы: «Менің үйім мені... Аспан Еліне... күйеуге берді» деген сөздер растауы мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда, «көк тіреген таулар» дегенді білдіретін тянь-шань деген сөздің өзі де жергілікті атаудың аудармасы сияқты екенін атап ету маңызды.
Усундердің ертедегі этникалык-саяси тарихына байланысты окиғалар жеткілікті зерттелмеген.
Усундер туралы алғашқы хабарлар б.з.б. II ғасырдың аяғында пайда болады. Қытай императорынын сарайындағылар сюннуларға қарсы күресте одақтас іздеп, Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік жіберген. Чжан Цяньды сюнну-ғұндар тұтқынға алып, олардын елінде он шакты жылдай болады. Алайда ол кейіннен қашып шығып, Жетісуға барады, усундер туралы алғашқы хабарды еліне сол жақтан апарған. Оның кезінде усундер арасында сэ (сактар) «тармағы» мен юечжилер мекендеген. Юечжилер туралы хабарлар Чжанье ауданындағы сюннулерден алынғандықтан, Чжан Цянь усундердің өзі де бұрын Цилянь-шань мен Дуньхуан аралығында мекендеген деген қорытынды жасаған[3].
Қазіргі деректер бойынша, усундер Жетісуды қосқанда неғұрлым байтақа умақты алып жатқан. Қытай усундердің сюннулерге Ордоста соққы беруін қалады. Бұл пікір усундердін нақ сол Чжан Цянь жазып алып, кейіннен шежіреге енгізілген генеалогиялық аңызының редакциясында да өз көрінісін тапқан. Оның айтуынша, усундердің билеушісін бір кезде көршілері юечжилер өлтірген де, оның қаншыө каскыр мен карға күзетіп жалғыз қалған ұлы есейген шағына дейін шаньюй ордасында тәрбиеленген. Ер жеткен соң гуньмо әкесін өлтіргені үшін кек кайтарботуға шаньюйден рұқсат сұрап, юечжилерді талқандапты-мыс. Өз кезегінде Орта Азия юечжилерінің аман калған бөлігі басқа тайпалармен одақтасып, б.з.б. 140 жылы Грек-Бактрия мемлекетін талкандаған.
Сірә, усундерде үштік жүйе болса керек. Сюннулер сияқты, олар да үш бөлікке: сол қанат, орталық және оң қанат болып бөлінген (олардың әрқайсысында он мыңнан жауынгер болған).
Усундер бірсыпыра уақыт бойы сюнну-ғұндарға саяси жағынан тәуелді болғандықтан, соңғы этноним белгілі бір уақыт бойы усундердің өзін де тасасында ұстап келген деп санауға болады. Мұны грек-рим жазушыларының ертедегі ғұндар туралы хабарлары дәлелдейді. Мәселен, ғүндар туралы хронологиялық жағынан алғаш рет Страбонның айтқандарында Бактрия патшалары «өз иеліктерін серлер мен фаундарға дейін жайды» делінген. Тегінде, Грек-Бактриясының иеліктері бір кезде Тарым ойпатының батыс шегінен әріге созылып жатса керек, демек, бұлайша салыстыру тарихи-географиялык тұрғыдан даулы.
Кейінгі уақыттағы усундер тарихы сақтармен және юечжилермен байланысты. Грек-рим авторлары енді «ғұн-усундар» жайында айтады.
Ғұндар атауының усундерге де таралғанына қарамастан, олардың этникалық туыстығы туралы айтуға берік негіз жок, дегенмен мұны толық бекерге шығаруға болмайды. Сюннулердің тілі әзірше белгісіз. Зерттеушілер казіргі уакытта сюннулер тілін ежелгі түрік тіліне бәрінен де жақын «алтай» тобының тіліне жатқызуға бейім.
Б.з.б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халыктардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Усун, Янцай, Кангюй мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды[5].
Тарихнаманың ауқымды болғанына қарамастан, кангюйлердің зерттелуі әлі де қанағаттандырмайды. Бұған жазбаша деректемелердің мейлінше шектеулілігі себеп болды, оның үстіне деректер үздік-создық және қарама-кайшы, мұнын өзі мәселенің әркелкі түсіндірілуін туғызады. Пікірсайыс туғызатын мәселелердің бүкіл тобы осы кезге дейін «кангюйлер проблемасы» дейтін болып табылады. Мемлекеттің аумағы ұлан-байтақ жерді: Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Куаңдария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың оңтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Ең құдіретті кезінде оған Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь сияқты бес «шағын иелік», сондай-ақ Янцай бағынды. Алайда олардың орналасуы даулы болып калып отыр. Айтылған аймакта археологтар сол уақыттағы негізгі үш мәдениетті - кангюй мәдениетіне баланатын қауыншы, отырар-қаратау, жетіасар мәдениетін атап көрсетеді. Осы мәдениеттерді 70-80-жылдары белсенді түрде өрістетілген зерттеу кангюй тұрғындарының материалдық мәдениетінің сипаты, шаруашылығы, қолөнері туралы деректерді едәуір толықтыра түседі[5].
Алайда, жазбаша деректемелер тобын едәуір кеңейтпейінше және оларды түсіндіргенде археология деректерін қатыстырмайынша, тегінде, тарихи-саяси, этникалык мәселелерді шешу мүмкін емес. Қытайдың тарихи хроникалары деректерінің ерекшеліктері мынадай: тек соларға ғана қарап бұл мемлекеттің пайда болған уақытын, оның нақты шекарасын, астанасы Битянь қаласының кайда екенін, тәуелді бес иеліктің қалай орналасқанын және басқа да көптеген нәрселерді айқын анықтау мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет