Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама


Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері



бет3/4
Дата12.12.2023
өлшемі2,9 Mb.
#137858
1   2   3   4
Байланысты:
тарих 7

Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері:


Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар мемлекетінің қазақтарды кұл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәмеленді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, осындай себептері болды.
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25)
Алексей Левшиннің айтуы бойынша
Жоңғария қалмақтары10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып , Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрлді,Нұра өңірін қанға батырып,Шелек өзені, Есік көлі,Шу өңірін таптап,тоқтаусыз Іледен өтіп қарудың күшімен, қазақ жерлерін иемденді.Шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, ТүркістанСайрамТашкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, 
Алқакөл сұлама
Ақтабан
шұбырынды,
Қазақ хандығы (XV ғ.) түрінде мемлекеттілігін қалыптастырған қазақ халқына 1723-1725 жж. елдігінен айырылып тарих бетінен мүлде жоғалып, шағын этностық топқа айналу қаупі төнді. Алайда, экономикалық, саяси, әлеуметтік, демографиялық ауыр дағдарысқа ұшырап, есеңгіреген қазақ елі етек-жеңін тез арада жинап, жаумен шайқас майданына шықты.
ӘБІЛҚАЙЫР ХАН
БӨГЕНБАЙ БАТЫР
ҚАБАНБАЙ БАТЫР
НАУРЫЗБАЙ БАТЫР
ЖӘНІБЕК БАТЫР
МАЛАЙСАРЫ
1726 ж. батырлар бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында қалмақтарға қарсы тегеурінді соққы берді. 1727 ж. қазақтар Қаратауды қайтарды.Хан тауына Орда тігіп, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. 1729-1730 жылдары қазақтың қарулы қолы қалмақтарды қатты қырғынға ұшыратып, бас көтертпей тастады.
Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың саны 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім-ай», сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылады. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырады. Сақталған мәліметтерге қарағанда, Ұлы жүз бен Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға, Кіші жүздің халқы Хиуаға қарай босқан екен. Босқындардың біразы Алакөл маңына барып паналаған көрінеді.
Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, Елім-ай, Елім-ай.
Ел-жұртынан айрылған жаман екен, Қара көзден мөлтілдеп жас келеді, Елім-ай, Елім-ай.
Мына заман қай заман? Бағы заман, Баяғьідай болсайшы тағы заман, Елім-ай, Елім-ай.
Атадан үл, енеден қыз айрылды, Көздің жасын көлғылып ағызамын, Елім-ай, Елім-ай.
Мына заман қай заман? Қысқан заман, Бақыт құсы алаштан үшқан заман, Елім-ай, Елім-ай.
Көк аспаннан топырақ, шаң борады, Күні суық қаңтардан, қыстан жаман, Елім-ай, Елім-ай
Елім-ай


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет