Атаханова Гүлзағира Махатқызы Меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары Электронды оқу құралы Алматы, 2013



бет3/23
Дата02.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#26790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ресей заң әдебиеттерінде мүлікті қылмыстық-құқықтық қорғау проблемасына көп көңіл бөлінген. Оның зерттелуіне әртүрлі кезеңде Г.Н.Борзенков, В.А.Владимиров, Л.Д.Гаухман, М.А.Гельфер, Г.А.Кригер, В.Н.Кудрявцев, Б.А.Куринов, В.Н.Литовченко, Ю.И.Ляпунов, С.В.Максимов, В.В.Мальцев, Б.С.Никифоров, Н.И.Панов, Э.С.Тенчов, И.О.Тишкевич. Е.А.Фролов және т.б. танымал ғалымдар елеулі үлес қосқан.

Меншікке қарсы қылмыстар объектісі мен затының проблемасы қарқынды зерттелді. Авторлардың басым бөлігі (Н.А.Беляев, Р.Р.Галиакбаров, М.А.Гельфер, Н.И.Загородников, В.Н.Кудрявцев, А.В.Наумов, А.А.Пионтковский және басқалар) осыған байланысты өз пікірлерін оқулықтар мен оқу құралдарының тиісті бөлімдері шегінде білдірген. Бірқатар ғалымдар (В.К.Глистин, Н.И.Коржанский, Б.С.Никифоров, В.Я.Таций, Е.А.Фролов және т.б.) қылмыс объектісі мен пәнінің зерттелуіне арнайы монографиялық еңбектерін арнаған.

Еліміздің заманауи даму кезеңінде қылмыстық заңдылықты жоғары дәрежеде жетілдіруге талпынып, өз үлестерін қосып жүргендердің қатарында: А.Н.Ағыбаев, Е.О.Алауханов, Н.М.Әбдіров, Б.С.Бейсенов, Г.Ы.Баймурзин, И.Ш.Борчашвили, Б.Ж.Жүнісов, А.А.Исаев, И.И.Рогов, Е.О. Оңғарбаев, Е.І.Қайыржанов, Р.Е.Джансараева, А.Х.Миндагулов, Г.Р. Рустемова, С.С.Молдабаев, Р.Т.Нуртаев, У.Ж.Жекебаев сияқты ғалымдардың ерекше ерен еңбектерін атап өтуге болады. Сондай-ақ, Ресей авторларының А.И.Бойцов, А.Г.Безверхов, В.В.Векленко, Г.В.Верина, Л.В.Григорьева, М.Клепицкий, С.М.Кочои, Н.А.Лопашенко, В.В.Мальцев, В.И.Плохова, П.С.Яни және т.б. сияқты авторлардың дербес зерттеу объектілеріне айналды. Соңғы кезде М.П.Бикмурзин, М.М.Ветошкина, И.А.Клепицкий, Г.П.Новоселов, О.Е.Спиридонова, А.С.Яшков және басқа да ресейлік ғалымдар меншікке қарсы қылмыстың құрамдары мәселелеріне докторлық және кандидаттық диссертациялар деңгейінде көңіл бөлген.

Алайда, нарықтық қатынастар мен ақпараттық қоғам ескеріле отырып, меншікке қарсы қылмыстардың объектісі мен затына арналған мәселелер нақтырақ теориялық ұғынуды және зерттеуді әлі де талап етеді. Меншікке қарсы, сондай-ақ зияткерлік меншікке қарсы қылмыстардың объектісі мен затына арналған проблемаларға монографиялық деңгейде кешенді қылмыстық-құқықтық талдау жасалмаған. Осы монографиялық зерттеуде аталған проблемаға қатысты ең күрделі немесе аз зерттелген мәселелердің авторлық шешімі жайлы талпынысы ұсынылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет