Эссеге қойылатын талаптар



Дата27.11.2023
өлшемі17,84 Kb.
#128869

Медициналық экология

Эссе тақырыбы: Түтін. Түтіннің пайда болуы, адам организміне әсері.




ЭССЕГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:






Талаптар

1.

Эссенің мақсаты.

Әдетте, шығармашылық ойлауды дамыту және ойыңызды жазу шеберлігін шыңдау. Ол ойды тұжырымдау, ақпаратты құрылымдау, анықтауға көмектеседі. Тәжірибені суреттеуге және жетілдіруге
ықпал етеді.

2.

Шағын көлем.

2-5 парақ (кегль 12).

3.

Тақырып нақтылығы мен субъективті нақтылық.

Кез-келген эсседе белгілі-бір тақырып бар. Демек, кең тақырыпты қарастыра алмайды. Ол тек бір ойды көрсете алады, бір сұраққа жауап береді.

4.

Еркін композиция.

Эсседе ешқандай ресми форма болмау керек. Көбіне эссе логика заңдылықтарына негізделмейді.

5.

Жеңіл сюжет.

Эссені жазғанда күрделі сөйлем, түсініксіз терминдерден аулақ болған жөн. Тақырыпты еркін білуге, оны әр түрлі
жағынан көрсете білуге міндетті.

6.

Құрылымы:

  1. Кіріспе.

  2. Тезис, аргумент.

  3. Қорытынды бөлім.

Автордың ойы тезис түрінде ұсынылуы керек. Тезистер дәлелдену керек. Дәлел ретінде факт, құбылыс, оқиға, тәжірибе, ғылыми дәлелдерді, сарапшылардың пікірін және. т.б. пайдалануға болады. Әр тезис үшін екі дәлелді қолданған дұрыс.

7.

Эссе жазғанда нені ескеру керек?

Эссенің негізгі тақырыбы мен мақсаты, сонымен қатар оның жеке тақырыпшалардың мақсаты анықталу керек. Оқырман назарын аудару үшін жарқын нақыл сөздер, парадокс, аллегорияны, қызықты фактіні және т.б. қолданыңыз. Кіріспе және қорытынды бөлімдерде басты мәселеге назар аудару керек. Эссе тақырыпша, абзац, параграфтарға бөлінеді. Әр абзац арасында логикалық байланыс болу керек. Осылайша эссе бүтін болады. Ол экспрессивті, эмоционалды және көркем болуы керек. Оны қарапайым қысқа сөйлемдерден жеткізуге болады.

8.

Қолданылған әдебиет және интернет сілтемелер тізімі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет