Аталуы: Миокард. 2 Боялуы


Қызметі: Тасымалдау,қан қысымын бірқалыпты ұстау.Жүрек систоласы  кезінде созылып,диастола кезінде қалыпқа келеді.3қабығы болады.  Орналасуы



Pdf көрінісі
бет17/19
Дата09.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#42042
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Журек, артерия, вена, капилляр

Қызметі: Тасымалдау,қан қысымын бірқалыпты ұстау.Жүрек систоласы 
кезінде созылып,диастола кезінде қалыпқа келеді.3қабығы болады. 
Орналасуы:Кеуде қуысында орналасады.Аорта сол жақ қарыншадан 
шығады,өкпе артериясы оң жақ қарыншадан шығатын өкпе сабауының 
жалғасы. 
Боялу ерекшелігі: Эластикалық тіндерде, 
біріктіруші тіндер қою-қызыл түске,қалғандары ашық-қызғылт түске 
боялады. 
Құрылысы: Эластикалық типті артериялар ортаңғы қабықшада 
эластикалық құрылымдардың жақсы айқындалуымен сипатталады. 
Оларға аорта және өкпе артериясы жатады, мұнда қан үлкен 
жылдамдықпен және жоғары қысыммен ағады. Бұл тамырларға қан 
тікелей жүректен келеді. Құрамындағы көп мөлшердегі эластикалық 
құрылымдар (эластикалық талшықтар мен мембраналар) жүрек 
систоласы кезінде тамыр қабырғасының созылып, ал диастола кезінде 
бастапқы қалпына келуіне мүмкіндік береді. Эластикалық артерияның 
мысалы ретінде организмдегі ең ірі тамыры – аорта қарастырылады. 


Аортаның ішкі қабықшасы құрамына эндотелий, эндотелийасты қабат 
және эластикалық талшықтардың өрімі (ішкі эластикалық мембранаға 
сәйкес) кіреді. Жас ұлғайған сайын ішкі қабықша жұқара түседі. Аортаның 
ортаңғы қабықшасы оның қабырғасының негізгі бөлігін құрайды, ол бір-
біріне ендірілген пішіні цилиндр тәріздес бірнеше ондаған эластикалық 
мембраналардан тұрады. Олар бір-бірімен эластикалық талшықтар 
арқылы байланысып басқа қабықшалардағы эластикалық элементтермен 
біріге отырып ортақ эластикалық каркас түзеді. 
Аортаныңсыртқықабықшасы салыстармалытүрдежұқа,құрамында сыртқы 
эластикалық мембранасы болмайды. Құрылысы: бойлай орналасқан ірі 
эластикалық және коллагенді талшықтарға бай борпылдақ талшықты 
дәнекер тінніен тұрады. Сыртқы қабықша қантамыр қабырғасын шектен 
тыс созылуынан және жарылуынан сақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет