Аталуы: Миокард. 2 Боялуы


 Атауы: Эндокард. Пуркинье талшықтары. Миокард.  2 Бояуы



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата09.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#42042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Журек, артерия, вена, капилляр

АтауыЭндокард. Пуркинье талшықтары. Миокард. 
2 Бояуы: гематоксилин-эозин. Х 400 
3 Боялу ерекшелігі: 
Ең көп тараған бояу әдісі. Негізгі және қышқыл 
бояғыштарды біріктіреді. Сондықтан ол барлық дерлік жасушаларды 
және көптеген жасушасыз құрылымдарды анықтауға мүмкіндік береді. 
а) ядролар көк-күлгін түске ие болады, 
б) цитоплазма - сарғыш -қызғылт түсті. 
4 Құрылысы: 1- эндокард эндотелийі; 2- субэндотелиальді қабат; 
3- 
эндокардтың бұлшықетті- эластикалық қабаты; 
4- 
эндокардтың сыртқы дәнекертіндік қабаты; 5- өткізгіштік 
кардиомиоциттер; 6- жиырылғыш кардиомиоциттер. 
Жүрек – өзінің ырғақты жиырылуы нәтижесінде қанды қозғалысқа 
келтіретін қуысты, бұлшықетті ағза болып табылады. Жүректің бұлшықет 
тіні ерекше жасушалар– кардиомициттерден тұрады. Кез келген қабатты 
(қуысты) ағза сияқты, жүрек қабырғасы да қабықшалардан тұрады: ішкі 
қабықша, немесе эндокард, ортаңғы қабықша, немесе миокард, сыртқы 
қабықша, немесе эпикард. 
Жүректің ішкі қабықшасы, эндокард, жүрек камераларын, папилярлы 
бұлшықеттерді, сіңірлі жіпшелерді және де жүрек клапандарын ішкі 
жағынан тыстайды. Жүректің түрлі бөлімдерінде эндокард қалыңдығы 
бірдей емес (сол жақ камераларда, жүрекшеаралық шымылдық және ірі 


артериялық бағандарда – қалың; ал сіңірлі жіпшелерде - жұқа). 
Эндокардтың қоректенуі жүрек камераларындағы қан арқылы диффузді 
түрде жүреді. Эндокард 4 қабаттан тұрады: 
1. Эндотелий (базальді мембранада орналасқан эндотелиальді, 
полигональді жасушалар);
2. Субэндотелиальді қабат (азмаманданған жасушалары бар борпылдақ 
талшықты дәнекер тіні); 
3. Бұлшықетті-эластикалық қабат (мұнда эластикалық талшықтар тегіс 
миоцит жасушалармен қиылыса орналасады), 
4. Сыртқы дәнекер тіндік қабат (құрамында ірі эластикалық, коллагенді 
және ретикулярлы талшықтары, тамырлары бар дәнекер тіннен тұрады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет