Бұлшықет типті веналар өз кезегінде бөлінеді: бұлшықеті әлсіз, орташа,
жақсы дамыған түрлерге. а) бұлшықет компоненті әлсіз дамыған – тегіс
миоциттері тек t.mediaда орналасқан (шиыршықты) б) бұлшықет
компоненті орташа дамыған – тегіс миоциттері t.mediaда (шиыршықты)
және де t. еxternaда да (ұзына бойлық) орналасады. в) бұлшықет
компоненті жақсы дамыған – тегіс миоциттері барлық үш қабықшалар
құрамында бар. Кіші үлкейткішпен қараған кезде венаның саңылауы
бұлшықет типті артериямен салыстырғанда түсіңкіреп тұрады, бұл
венаның ортаңғы қабатының нашар дамуымен байланысты. Венада
қабықшалар бір-бірінен анық шектелмеген, себебі дәнекер тіні вена
қабырғасының үшеуінде де көп кездеседі. Үлкен үлкейткішпен венаның
ішкі қабықшасын құрайтын эндотелийі мен субэндотелиальді қабатын
табамыз. Эндотелийасты қабаты келесі (ортаңғы) қабықшаның дәнекер
тініне ұласады, себебі венада ішкі эластикалы мембрана
айқындалмайды. Ортаңғы қабықшаның негізін тегіс миоциттердің
циркулярлы шоғырлары құрайды, бірақ веналарда олар
артериялардағыдай біртұтас қабат түзбейді, олар дәнекертіндік қабаттар
арқылы ажыратылған, соның салдарынан венаның ортаңғы қабықшасы
басқа қабықшалардан айқын шектелмеген. Венаның адвентициясы
сәйкес артериямен салыстырғанда күштірек дамыған, алайда эластикалы
элементтер онда аз; адвентицияда кей жағдайда ортаңғы қабықшада
тамырлардың тамырлары кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: