Аортаның ішкі қабықшасы құрамына эндотелий, эндотелийасты қабат
және эластикалық талшықтардың өрімі (ішкі эластикалық мембранаға
сәйкес) кіреді. Жас ұлғайған сайын ішкі қабықша жұқара түседі. Аортаның
ортаңғы қабықшасы оның қабырғасының негізгі бөлігін құрайды, ол бір-
біріне ендірілген пішіні цилиндр тәріздес бірнеше ондаған эластикалық
мембраналардан тұрады. Олар бір-бірімен эластикалық талшықтар
арқылы байланысып басқа қабықшалардағы эластикалық элементтермен
біріге отырып ортақ эластикалық каркас түзеді.
Аортаныңсыртқықабықшасы салыстармалытүрдежұқа,құрамында сыртқы
эластикалық мембранасы болмайды. Құрылысы: бойлай орналасқан ірі
эластикалық және коллагенді талшықтарға бай борпылдақ талшықты
дәнекер тінніен тұрады. Сыртқы қабықша қантамыр қабырғасын шектен
тыс созылуынан және жарылуынан сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: