Қоғамдық ұйымдар, яғни азаматтардың мүдделерін қанағаттандыру үшін құрылатын ерікті бірлестіктер, әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірігуге құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабында бекітілген. Қоғамдық бірлестіктердің билік өкілеттігі жоқ, мемлекеттік органдардан айырмашылығы сонда. Оларға мүше болудың еріктілігі қоғамдық бірлестіктердің өзі белгілейтін тәртіп пен талаптарға бағынады. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық ұйымдар болып табылмайды. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңына сәйкес заңнамаға қайшы келмейтін, олардың ортак мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрылған сажи партиялар, кәсіподақтар және өзге де азаматтардың бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады.
Қоғамдық бірлестіктердің көбісін құру үпгін ең кем дегенде 10 кәмелетке толған азаматтардың ерік білдіруі кажет. Қоғамдық бірлестіктерді құру туралы шешім съезде, конференцияда немесе жалпы жиналыста қабылданады және оларда жарғы қабылданады. Қоғамдық бірлестік міндетті түрде әділет органдарында тіркелуі керек. Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабына сәйкес мақсаты немесе іс-әрекеті Қазақстан Республикасының конституциялык құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың кызметіне, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей, мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер жұмысына заңсыз араласуына жол берілмейді. Қоғамдық бірлестіктердің белгілі бір құрылымы және өзін-өзі басқару жүйесі бар. Олар өздері өкілі болып табылатын қоғамдық ұйымдар атынан сөйлейді, кабылданған және тіркелген жарғылар мен ережелер негізінде әрекет етеді. Қоғамдық ұйымдар кабылдайтын шешімдердің биліктік сипаты жоқ және міндеттілік күші де болмайды, олар осы ұйым шегінде ғана қолданылады. Қоғамдық бірлестіктер заңға қарсы іс-әрекеттер жасаған жағдайда өкімшілік жауапкершіліққе тартылуы мүмкін. Қоғамдық бірлестіктердін мынадай түрлері болады:
саяси партиялар; қоғамдық қозғалыстар; Кәсіподақтар әйелдер ұйымы; мүгедектер ұйымы; шығармашылық одақтар, т.б.