Өзінің жеке басындағы іскерлік пен жауапкершілік арқылы үгіт бере отырып, бала белсенділігін, жауапкершілігін көтермелей қарым-қатынас орнату;
Өз тәрбиелік мақсаттарын көре білу және тұжырымдау;
Өз сыныбында жүргізілетін тәрбие жұмысының жоспарын жасау;
Тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру ;
Ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу;
Психологиялық-диагностикалық тесттерді, сауалнамаларды, сұрақ-жауаптарды және басқа да диагностикалық әдістемелерді қолдану және оларды тәрбие жұмысында орынды пайдалану.
Сынып жетекшісі:
Мектептің өзін-өзі басқару құрылымдары жұмысына қатысуға;
Бастама көтеруге, мектеп қызметін жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізуге, іскерлік, сындарлы сын айтып шығуға;
Өзінің жеке тәрбие жүйесі мен бағдарламасын жасауға, «теріс ықпал етпейтін» ізгілікті қағиданы басшылыққа ала отырып, тәрбиелеудің жаңа әдістерін, түрлері мен тәсілдерін шығармашылық тұрғыда пайдалануға;
Мектептің өзін-өзі басқару мен қорғау органдарында, мүмкін болмаған жағдайда-мемлекеттік билік органдары мен сотта өзінің ар-ожданы мен абыройын қорғауға;
Еңбектің түрлі көлемі мен нәтижелері үшін берілетін материалдық және ынталандырушы қосымша төлемдерді белгілейтін құжаттар әзірлеу ісіне қатысуға құқылы.
Сынып жетекшісінің лауазымдық міндеттері:
журналды жүргізуге;
оқушылардың жеке істерін жүргізіп, жай-күйін бақылап отырады;
сынып ұжымын ұйымдастырады: тапсырмаларды бөледі, белсенділермен жұмыс істейді, оқушыларға бағыт береді;
үлкен кезекшінің жұмысын ұйымдастырады және көмектеседі;
тамақтануды ұйымдастыады; ата-аналармен тегін тамақтандыру және сыныптастарының тегін тамақтанатын балаларға сыпайылықпен қарауы жайындағы түсіндіру жұмысын жүргізіеді;
сынып мұқтаждығын қаржы жағынан қамсыздандыру ісімен айналысады (сынып қоры, түрлі қызмет түрлерін төлеу және т\б);
ата-аналармен бірлесіп, нақты бір себептерсіз сабаққа қатыспай қалатын оқушыларды бақылайды;
оқуға қолайлылық тудыратын жағдай жасау;
сыныппен жұмыс істейтін мұғалімдердің қызметін үйлестіріп отырады;
оқушылар күнделігімен жұмыс істейді, ата-аналармен үлгерім жөнінде байланысып тұрады;
анағұрлым дарынды балалардың өсе түсуі үшін, яғни олардың танымдық қызығушылығының, ой-өрісінің кеңеюіне жағдай жасайды; үйірмелерге, факультативтерге, байқауларға, олимпиадаларға, жарыстарға тартады;
түрлі қоғамдық балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;
әрбір ұйымдастыратын істің қызықты түрлерін, терең мазмұнын іздейді, сынып жетекшісінің кез келген сыныппен кездесуінің мақсатқа лайықты әрі бағытталған болуын белгілейді, айына бір рет тақырып бойынша сынып сағатын өткізеді; сыныпта сабақ жүргізетін мұғалімдердің, сондай-ақ ата-аналардың пікірлерін ескеру арқылы әрі қолда бар әдістемелерге сәйкес оқушы тұлғасын зерделейді, олардың мінездемелерімен жұмыс істейді;
оқушыларға мамандық таңдауда көмек көрсетеді;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік педагогпен ынтымақтастықта әрекет етеді;
әлеуметтік қорғаусыз қалған балаларды анықтап, есепке алады;
отбасы берекесіз балаларды анықтап, есепке алады;
«қиын», «қауіпті топ» қатарындағы жас өспірімдер мен есепте тұрғандардың тәртібін бақылап жүреді;
тоқсан сайын бір рет ата-аналар арасында тақырып бойынша жиналыс өткізеді;
отбасы тәрбиесіндегі жағдайды зерделейді;
ата-аналармен дербес жұмыс жүргізеді;
сыныптың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру ісіне ата-аналарды тартады.