Атауы: Құрылды: Баспасы: Идеологиясы: Орталығы


 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде жарияланған Алаш партиясы бағдарламасының 10 бөлімдік жобасы



бет2/4
Дата19.12.2023
өлшемі1,42 Mb.
#141137
1   2   3   4
Байланысты:
АЛАШ ОРДА ҮКІМЕТІ Презентация

1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде жарияланған Алаш партиясы бағдарламасының 10 бөлімдік жобасы
  • “Алаш” партиясы – әділдікке жақ, нашарларға жолдас,

  • жәбірлерге жау;
  • Дінді мемлекеттен бөлектеу;
  • Сот ісін қазақ тілінде жүргізу;
  • Әскери қызметті өз жерінде атқару;
  • Жұмысшыларды заңмен қорғау.
  • Оқудың жалпыға бірдей және ақысыз болуы;
  • Жиналыс, сөз, баспасөз еркіндігі;
  • Жерді алдымен жергілікті халыққа беру.

«Ғылым-білім үйрету» жөнінде
    • оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
    • жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
    • қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
    • оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
    • үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
    • мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
    • ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.
    • газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік.

1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында ІІ жалпықазақ съезі өтті. Съездегі қаралған аса маңызды мәселелер:

  • Қазақ-қырғыз автономиясы;
  • Милиция құру;
  • Ұлт кеңесі;
  • Оқу мәселесі.

Съезд бірауыздан мынадай қарар қабылдады:
I. Алашорданың Жалпықазақтық халық кеңесі өзі құрылған күннен бастап бір ай мерзім ішінде Түркістан өлкесінің барлық қазақтарын Алаш автономиясына қосу мүмкіндігін анықтауға міндеттенеді.
II. Егер Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір ай мерзімде қосылмаса, Алашорданың халық кеңесі қалған қазақ облыстарының бөрі атынан ресми түрде автономия жариялауға міндеттенеді.
III.Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір ай мерзімінде қосылмай, Алашорда автономия жарияламаған жағдайда әрбір облыстың халқына өз калауы бойынша әрекет етуге рұқсат етіледі.
IV.Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір ай ішінде қосылған жағдайда Алашорданың халық кеңесіне бірінші мүмкіндік болғанда Алаш автономиясын жариялауға құқық беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет