Атауы Табылған жері Жасы



бет1/4
Дата13.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101167
  1   2   3   4

Алғашқы адамдардың пайда болуы

Атауы

Табылған жері

Жасы

Ақпарат

Кезеңі

Австралопитек
«епті адам»
(homo habilis)

Кения жеріндегі Олдувай шатқалында (Африка) табылған.

Бұдан
1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген.

Алғашқы адамның кәсібі терімшілік пен аңшылық болды. Баспаналары - үңгірлер. Ертедегі адамдардың ұжымы тобыр деп аталады.

Ерте палеолит

Питекантроп
«тік жүретін адам»
(homo erectus)

Қаңқасы алғаш рет 1891 жылы Ява аралынан табылды.

Бұдан
1 млн. жыл бұрын өмір сүрген.

Синантроп
«қытай адамы»

Солтүстік Қытайдан табылған.

Бұдан
500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген

Неандертальдық

Германия

б.з.б.100 - 40 мың жыл

Ол тастан, сүйектен, ағаштан құрал жасай білген, шақпақ тастармен от жағуды үйренген. Неандертальдықтың басы еңкіш, мойны қысқа, ал тістері аса ірі болған. Оның сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған. 1938 жылы Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен неандерталь баланың сүйегі табылды.

Орта палеолит
Мустье

Кроманьондық «саналы адам»
(hоmо sapiens)

Кро-Маньон үңгірі (Франция)

б.з.б.40-12 мың жыл

Адамзат жердің барлыққа жуық аумағын игерді.“Саналы адам” тік жүруді, анық сөйлеуді меңгеріп, сөздік қорын жетілдіріп отырды. Рухани жағынан жетіле түсті. Үңгір қабырғаларына салған суреттері бұған дәлел болады. Діни наным-сенімдері қалыптаса бастады, адамды жерлегенде түрлі әшекей заттарын бірге көмген.

Кейінгі палеолит

Адамдар тобы біртіндеп туысқандардың ұжымына – рулық қауымға айналды. Бұл «саналы адамның» шығу уақытына сәйкес келеді. Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды. Алғашында барлық жұмыстарды аналар атқарып, ұжымдағы аналар беделі артты. Рулық бөлініс аналардың үстемдігімен анықталды. Жер, баспана, еңбек құралдарына ортақ меншік болды. Ру ішіндегі мәселелер жалпы жиналыста шешілді. Оған ерлермен бірге әйелдер де қатысты. Жалпы жиналыста сайланған ақсақалдар даулы мәселені шешті, аң аулайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді. Рулық бірлестіктерді көсемдер басқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет