Атематикалық модельдеу



бет3/6
Дата31.10.2022
өлшемі174,5 Kb.
#46330
1   2   3   4   5   6
Есепті талдау. Мәтін бойынша есепті талдау – екі әдістен тұратын логикалық тұжырымдар тізбегі.
І әдіс –аналитикалық – шешуді есептің негізгі сұрағынан шартына қарай іздеу жолы:
Болғаны - ? 10 д. Және 5 д
Сыйлады – 3 д.
Қалғаны - ? д.

Есепте нені білу керек? (қанша дәптер қалды?)
Осы сұраққа жауап беруге болама? (жоқ).
Неліктен? (неше дәптер болғаны белгісіз).
Табуға бола ма? (иә, жолды және тор көз дәптердің қанша болғаны белгілі)
ІІ әдіс – синтетикалық – деректер мен ізделінді арасындағы байланысты тағайындауда деректерден негізгі сұраққа қарай іздеу.
3. Есепті шешу. Есепті шешу - шешу жоспарын жасағанда таңдап алған арифметикалық амалдарды орындау. Әр амалды орындағанда нені табатынымызды түсіндіріп отыру міндет. Есепті шешу ауызша және жазбаша орындалады.
4.Есеп шешуін тексеру- оның дұрыс немесе қате екендігін тексеру.

Сұрақтар:



  1. Есепті иллюстрациялау дегеніміз не?

  2. Есепті шешу дегеніміз не?

  3. Есепті мазмұнымен таныстыру дегеніміз не?

Үй жұмысы: Тақырыпқа сәйкес мысалдар құрастыру

-


. Есептеу толық шешімін табу үрдісі
2. Есепті талдау мен оны схемалық түрде жазу.
3. Есептің шартын тұжырымдау.
4. Есепті талдаудың жалпы жоспары
1.Есептеу толық шешімін табу үрдісі
Заман өзгерісіне қарай мектептерде қойылатын талап та, ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс-тәсілдері де өзгереді. Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті-жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. Мектепке соңғы уақытта келген жаңашылдық бастамалар мұғалімдердің белсенді өз тәжірибелерін сыни тұрғыдан қайта қарап, өзі айналысып жүрген істерінің нәтижесінің мақсатқа сай орындалуын оймен зерттей білуге, өз кәсіби өмірбаянындағы салмақты жүктерді саналылықпен алмастыра алуға ынталандырады.
Қазіргі математиканы оқыту әдістемесі оқушының танымдық қызметі мен ойлау жүйесінің арақатынасын анықтай түсуде. Ол оқушының дербестігін, танымдық қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, интелектуалдық ойлау мүмкіндіктерін қалыптастырады. Оқушы қабілетіне дұрыс көзқараспен қарау, оқушының алғаш өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау оқу-тәрбие ісінде жетістіктер береді.
Оқыту үрдісінде есеп шығаруға оқушыларды үйрету мақсат десек, ал белгілі бір типтегі есептердің шығарылуын қарастыру қандай да бір математикалық материалды меңгеруге әсерін тигізетін әдіс болып табылады. Сондықтан оқыту барысында оқушыларды есеп шығаруға үйретуге көп көңіл бөлінеді. Соңғы кезге дейін есеп шығаруға үйретудің бірден-бір тәсілі белгілі бір түрдегі есептерді шығарып көрсету ғана болатын. Сондықтан оқушыларға арналған есеп шығару кұралдары жауабы және оған байланысты кейбір нұсқаулары бар есептер жинағы болып келді. Осыған орай, оқушыларды есеп шығаруға үйретудің әдістемесі мен жалпы тәсілін үйретуге арналған көптеген құралдар шығуда.

Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі, білім, білік – дағдыларды меңгерту мен бірге табиғат қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа техналогияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.


Бастауыш білім беруде математика пәні өзге пәндерді оқытудың алғышарты мен негізін қалайтын және осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Ал математика негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі . Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес. Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды.
Математикада құрама есептердің алатын орны ерекше екені белгілі. Құрама есептер арқылы оқушылардың ойлау қабілетін кеңейтуге, практикалық жағдайлармен таныстыруға, сонымен қатар тәрбиелік жағына көңіл бөлуге болады. Оқу үдерісінде қарастырылған математикалық білімдерді меңгеру, оларды іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру үшін есеп шығаруға үйрету мақсат десек, мәтінді есептерді шығаруға үйрету осы мақсатқа жетуге әсерін тигізетін әдіс болып табылады.
Әрине, есептердің негізгі мақсаты алған білімді іс жүзінде әр түрлі жағдайларда қолдануға үйрету және бұл білікті әрі қарай дамыту болып табылатыны белгілі. Құрама есептерді шығару – математикалық білімді өмірмен тығыз байланыстыруға, сондай-ақ оқушылардың өмірден алған тәжірибелерін математиканы оқып білуге кеңінен пайдалануға және мектепте алған білімдерін еңбекпен байланысты іс-әрекеттерінде қолдана білуге көмектеседі.
Сонымен зерттеу жұмысымыздың мақсаты: оқу процесінде оқушылардың құрама есептерді шығарудағы шеберліктерін қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет