Аты – жөні Лауазымы 1


бап: Құқықтарды іске асыру



бет4/10
Дата01.09.2023
өлшемі348,97 Kb.
#105816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тәрбие жұмыстары 2021ж

4 бап: Құқықтарды іске асыру
Үкіметтер елдегі әрбір бала Конвенцияда бекітілген құқықтарды пайдалана алуы үшін барынша жағдай жасауы қажет.
5 бап: Баланың есею барысындағы отбасының жетекшілік рөлі
Үкіметтер отбасылар мен қауымдастықтарға балаларына жетекшілік етуге мүмкіндік беруі керек, осылайша балалар есею барысында өз құқықтарын тиімді пайдалану мен жүзеге асыруды үйрене алады. Бала неғұрлым есейген сайын басқалардың жетекшілігін соғырлым қажет етпейтін болады.
6 бап: Өмір сүру, аман қалу және даму
Әрбір баланың өмір сүруге құқығы бар. Үкіметтер барынша мүмкін дәрежеде баланың тірі қалуын және денсаулығының мықты болып дамуын қамтамасыз етеді.
7 бап: Аты-жөні мен азаматтығы
Баланың дүниеге келген сәттен бастап тіркеуге алынып, есімі қойылып, азаматтық алуға құқығы бар. Бала мүмкіндігінше өзінің ата-анасын білуге және олардың қамқорлығына ие болуға құқылы.
8 бап: Даралық
Балалар жеке басының даралығын, азаматтығын, есімін және отбасылық байланыстарын сақтау құқығына ие. Олардың жеке даралығына заңсыз араласуға жол берілмейді. Алайда мұндай жағдай орын алған болса, үкіметтер балаларға жеке басынның даралығын тез қалпына келтіру үшін барынша көмек көрсетуі керек.
9 бап: Отбасы тұтастығын сақтау
Баланы ата-анасынан айыруға болмайды. Ондай жағдай тек баланың мүддесін қорғау үшін ғана орын алуы тиіс. Мысалы, егер бала қажетті ата-аналық күтім көрмесе немесе ата-анасы балаға қатігездік танытатын болса. Егер бұл балаға зиян тигізбесе, ата-аналары бөлек тұратын балалар екі ата-анасымен де тікелей байланыста болуға құқылы.
10 бап: Басқа елде тұратын ата-аналармен байланыс
Егер бала мен оның ата-анасы әртүрлі елдерде тұратын болса, үкметтер бала мен оның атанасына қарым-қатынастарын жалғастыруы үшін елдер арасындағы шекараларды өтіп тұру құқығын беруі керек.
11 бап: Ұрланудан қорғау
Үкіметтер балаларды елден заңсыз алып кетуге тыйым салуы керек, мысалы, егер бір ата-анасы келісімін бермеген жағдайда екінші ата-анасының баланы шетелге ұрлап әкетуі немесе баланы шетелде ұстап қалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет