30 бап: Азшылық топқа жататындардың мәдениеті, тілі және діні Балалар өз тілінде сөйлеуге, өз дінін ұстануға, халқының әдет-ғұрыптарын сақтауға құқылы.Ттіпті олар тұрғылықты халықтың қолданысында болмаған жағдайда да.
31 бап: Бос уақыт, ойындар, мәдениет, өнер Әрбір баланың демалуға, ойнауға, сондай-ақ мәдени және шығармашылық іс-шараларға қатысуға құқығы бар.
32 бап: Зиян келтіретін еңбек жағдайынан қорғау Балалар денсаулығына қауіп төндіретін, білім алуына немесе дамуына кедергі келтіретін жұмыстан қорғалуға құқылы. Егер балалар жұмыс жасаса, олар қауіпсіз орта мен әділ еңбекақы алуға құқылы.
33 бап: Зиянды заттардан қорғау Үкіметтер балаларды қауіпті есірткіні пайдаланудан, өндіруден, тасымалдаудан немесе сатудан қорғауы керек.
34 бап: Жыныстық қанаудан қорғау Үкіметтер балаларды жыныстық қанаудан және жыныстық зорлық-зомбылықтан, соның ішінде балаларды ақша үшін жыныстық қатынасқа мәжбүрлейтін немесе сексуалдық мазмұндағы фотосуреттер мен бейнелер шығаруға қатысатын адамдардан қорғауға міндетті.
35 бап: Сату мен саудалау жағдайларын алдын алу Үкіметтер балалардың контрабанда арқылы басқа елдерге немесе озбырлыққа душар болуы мүмкін жерлерге ұрлауына немесе сатылуна жол бермеу үшін бар күш-жігерін салуы қажет.
36 бап: қанаудан қорғау Балалар қанаудың (пайдаланудың) барлық түрінен қорғалуға құқылы, тіпті кейбірі осы Конвенцияда көрсетілмеген болса да.
37 бап: Бас бостандығынан айырылған балалар Заңды бұзды деп айыпталған балаларға өлім жазасы, азаптау, қатыгездік, өмір бойына бас бостандығынан айыру, ересектермен бірге түрмеге отырғызу сияқты жазалар қолданылмауы керек. Бас бостандығынан айыру тек ақырғы шара ретінде және мүмкіндігінше қысқа мерзімде қолданылады. Бас бостандығынан айырылған балалар құқықтық қорғауға жүгінуге және отбасымен байланыста болуға құқылы.
38 бап: Қарулы қақтығыс кезіндегі қорғау Әскери қақтығыс кезінде балалар қорғалуға құқылы. 15 жасқа толмаған балаларға әскерге баруға, соғысқа қатысуға рұқсат етілмейді.