Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Мақсаты: Дыбыстардыңаталуын ,дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Зеректікке, қырағылыққа тәрбиелеу.
Ойнаушылар саны:Барлық бала
Құрал-жабдықтары:Әріптер бейнеленген карточкалар
Ойынның барысы:Балалар шеңбер құрып отырады. Ойын бастаушы әуен ырғағымен шеңберді айналып жүріп , бір баланың жанына қолындағы дыбыстардің біреуін тастайды да шеңбер бойы тез жүгіріп кетеді. Қасында дыбыс тасталған бала тез байқап, дыбысты алып, аталуын және қандай дыбыс екенін айтады. Дұрыс тапқан бала жеңімпаз атанады. Ойын осылайша жалғасады.
Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Дидактикалық ойын атауы: «Кім тапқыр»
Мақсаты: Сөздік қорларын байыту. Сөйлемде сөздерді үйлестіру біліктерін қалыптастыру.
Ойыншылар саны:4-5 бала
Құрал-жабдықтары:Әртүрлі заттар бейнеленген карточкалар
Ойынның барысы: Әртүрлі заттар бейнеленген карточкалар шашылып жатады. Ойынға бір бала шығады. Тәрбиеші кез келген дыбысты айтып, сол дыбыстан басталатын суреті бар карточкаларды қалташаға орналастыруды және қалташаға салынған суреттерден қатыстырып сөйлем құрауды ұсынады.
Мысалы: Өрік, өрмекші, өшіргіш
Өрмекші өрмек тоқыды.
Осылайша ойын келесі балалармен жалғаса береді.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу негіздері Дидактикалық ойынның атауы: «Қарама-қарсы сөздер»
Мақсаты:антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын қарама-қарсы сөздермен молайту, зейінділігін арттыру.
Ойыншылар саны: барлық топ.
Құрал-жабдықтары:доп, карточкалар.
Ойын барысы: тәрбиеші шеңбер бойымен тұрған балаларға кезекпен допты лақтырып антоним сөздерінің бірін айтады, ал допты ұстап алған бала тәрбиешіге кері лақтырып, айтылған сөзге қарама-қарсы сөзді айту керек.