Атырау облысы



бет2/3
Дата28.10.2022
өлшемі82 Kb.
#45939
1   2   3
Мақсаты: Математиканың тарихы мен логикалық есептерді шешуді үйрете отырып, бағыт таңдауға саналы түрде дайындау, оқушының логикалық мәдениетін қалыптастыру.
Оқушылардың негізгі қызмет түрлері
Курсқа қатысатын оқушылардың жұмыс түрі күнделікті сабақтағы жұмысты ұйымдастырудан өзгеше болуы керек: оқушыға ойлануға қажетті уақыт бере отырып, болжамдар жасауға үйрету.
Курсты оқу барысында оқушыларды әртүрлі қызмет түрлеріне белсенді қатыстыру арқылы жүзеге асыру керек. Ол үшін:

  • Тақырыпты пікірсайыс түрінде, эвристикалық әдіс негізінде жоспарлау;

  • Жеке және топталған жұмыс түрін қолдана отырып, өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмаларды талқылаумен шығарту;

  • Бөлек тапсырмалардың өзіндік орындалу, оқушыларды іздемпаздық және шығармашылық қызметке қосу, қасиеттер мен олардың дәлелдерін ұғындыру, интуицияны дамытуға мүмкіндік беру.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылады :

  • оқушының ойын дамыту;

  • кеңес бере отырып, бағыттап оқыту;

ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;

  • оқушылардың ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылықтырын қалыптастыруға жағдай жасау, бейім таңдауда өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік беру;

  • оқушылардың стандартты логикалық операцияларды жылдам және дұрыс орындау іскерлігін дамыту.

  • салмақты ойластырылған шешім қабылдауға, өзінің және өзгенің ойлау әрекеттері туралы дұрыс пікір білдіре білу, қарсы оппоненттердің ой жүгіртулеріндегі қателерді таба білу.

Оқушылардың білім дағдысын бағалаудың түрлері мен әдістері
Оқушылардың білім дағдысын бағалаудың оқыту үшін бағалау түрін қолданамын. Бұл өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Оқыту үшін бағалауда оқушылар өздерін-өздері, сыныптастар бір-бірін бағалау арқылы жүргізеді.  Мұғалімнің бағалауы мадақтау, ынталандыру оқушылардың көңіл күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады. 
Сабақта эвристикалық, өзіндік жұмыс істеу, көрнекілік,тежірибелік,есептеу әдісін қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет