(Үнтаспадан) Марқұм Үміт кемпірі екеуі он жыл бойы күткен Қайнары дүниеге келгенде талай бірінен-бірі қызғанып «сен көп иіскеп қойдың, жо-жоқ сен мененде көп иіскеп қойдың» деп таласып отыратын. Көздерінен бір сәт таса етпеуші еді. Алладан сауқат сұрап өсірген жалғыз ұлы өсіп тұрған қайыңның бір тал жапырағы сияқты еді. Нәзік жапырақтар жерге қалай сусып түссе, Үміт пен Хасан да Қайнары бір жаққа кетіп қалатындай, қанатын қомдаған балапан қайтып келмей қоятындай көретін. Толқумен, сағынумен күн кешетін. Беу, өмір десеңші?! Сөйткен ұлдың қайыр бермей қиналтқанын-ай?! Шіркін, келін бала Биғайша мен Мұраттай көпшіл, бауырмал болса, ешкімнен сұрамас еді ғой мұндай ізетті.
( Қаймақ қосылған күрең шәй тастай қатқан жүрегін жібітіп жібергендей, арқасы терлеп, маңдайы жіпсіген Хасан қария жандары қалмай қастарында бөбектеп отырған қос ғашыққа көптен көкірегіне сыймай жүрген бір әңгімесін бастады.) Хасан ата: Өкініші көңілден кетпейтін сол бір оқиға тұла бойымды сағыныш кернеген сәтте көз алдыма көлбеңдеп тұра қалатыны бар.
Марқұм Үміт көз жұмарына үш күн қалғанда, жан баласына тең келмейтін келіннің, әйтеуір есіктен қарағаны есінде. Болатбектің келгенін, не келмегенін білмеген Үміт ақ төсекте үмітін үзе алмай есікке қарай елеңдеп Қайнарын ұзақ күткен-ді. Іс-сапардан оралып үлгермеген қайран анасымен зират басында бір-ақ қоштасты. Ол кезде де қаһарын төккен осындай ақпан еді! Бір асыл сөзін айта алмай кеткен кемпірімің шаңырағын құлатпаймын деп жүргенде ауданнан-ауданға көшіп, қызметі өскен Қайнарым қиқарлықты сала бастады.
Әке, иесіз үйде отыра беремісің, жүр бізге, Болатбекке көз боларсың деп,апта сайын келіп, құлағымның құрышын қандырған, Қайнарымың тауын шаққым келмей қиналсам да кемпірімің басына барып, көзімнің жасын біраз көлдетіп, « Сені, туған жерде тастап барамын, боз үйдің есігіне көзімнің тірісінде қара құлып салмаспын дегем. Кешір мені!» деп,көрші- көлеммен, ағайын-тумамен қиналсамда қимай қоштасып,әрең аттандым. Жүкті машинаға тиген Қайнар күн батып кетпей тұрғанда жетіп алайық деп асықтырып барады. (Көңілі қиянды кезген қарияның сол бір сәті кинодағыдай көз алдына келе қалды.) Диктордың сөзі: Кенет оның көзі бастарын төмен салып, бір-бірімен жарысқан киіктерді бірден шалды.
(Үнтаспадан әкесі мен баласының диологы кетеді)