стереометрия дегеніміз не? (Стереометрия – фигуралардың қасиеттерін кеңістікте зерттейтін геометрияның бөлімі).
а)Қалай ойлайсыздар, стереометрияда қандай негізгі фигуралар болады? Неліктен?
bilimland.kz сайтындағы бейнематериалды көру және ондағы тапсырмаларды орындау. Нүкте, түзу және жазықтықтардың өзара орналасуына қатысты негізгі қасиеттері аксиомалар арқылы тұжырымдалған:
А1. Бір түзуде жатпайтын кез 3 нүкте арқылы жазықтық жүргізуге болады және ол жалғыз болады. Оқушылар өздері А1 аксиомасын символдардың көмегімен жазуға тырысады. Сосын талдайды және ең дұрысын таңдап алады.(видеотүсіндіру, конспект, 1,2-жаттығулар).
А2. Егер түзудің екі нүктесі жазықтықтажатса, онда бұл түзудіңбарлық нүктелері осы жазықтықта жатады. Бұл жағдайда түзу жазықтықта жатыр немесе жазықтық түзу арқылы өтеді деп айтады.
Білімгерлер өздері А2 аксиомасын символдардың көмегімен жазуға тырысады. Сосын талдайды және ең дұрысын таңдап алады.(конспект, 3,4-жаттығулар)
А2 аксиомасынан: егер түзу жазықтықта жатпаса, онда түзу мен жазықтықтың бірден артық ортақ нүктесі жоқ. Егер түзу мен жазықтықтың ортақ бір нүктесі болса, онда олар осы нүктеде қиылысады.
А3. Егер екі жазықтықтың ортақ нүктесі бар болса, онда осы жазықтықтардың ортақ нүктелері жататын ортақ түзуі болады, яғни жазықтықтар түзу бойымен қиылысады.
Білімгерлер өздері А3 аксиомасын символдардың көмегімен жазуға тырысады. Сосын талдайды және ең дұрысын таңдап алады.(конспект, 5-6 жаттығулар)
Өмірде қолдануға мысалдар. Материалды бекіту. №2,2-2.4