Микроклиматтық бақылаудың 3 түрі бар: 1.Көзбен, жобалап микроклиматты анықтау.
2.Инструменталды.
3.Микроклиматтық бақылауларды картаға түсіру.
1.Радиациялық үсіктер уақытында танаптарға көзбен-аспапсыз байқау жүргізіледі де , үсікке қауіпті учаскелер анықталады.
2.Ал инструменталды әдісте термометр, аспирациялық психрометрлер, анеометрлер және күн радиациясын өлшеу үшін актиногметрлер, пиранометрлер мен балансомерлер пайдаланады.Құралдар өсімдіктер арасында 20 және 200 см биіктікте бірнеше нұсқаларды орналастырады.Нұсқалар әртүрлі болуы мүмкін: себу мөлшері, сорттар түрлері, суару режимдері, т.б. Сол нұсқалардың (агротехникалық шаралардың) микроклиматқа әсері зерттеледі.
Ол үшін 200 см биіктікке аспирациялық психрометр және анемометр орналастырады, ал егер өсімдіктердің биіктігі 150см болса приборларды осы биіктікке орналастырады.Бақылауларды тәулікте үш рет 6 (9), 12 (15), 18 (21) сағаттарда жүргізеді.
3.Осы жүргізілген бақылаулар көрсеткіштеріне сүйене отырып, шаруашылық картасын жасайды. Ол картада қай учаскеде үсік болуы мүмкін, ылғалдылық қоры қандай, желдің жылдамдылығы мен бағыты қалай және т.б. мәліметтерді картаға түсіреді. Бұл мәліметтер ауылшарушылығы маманына келесі жылы қай учаскеге қандай дақыл егуге болатынына ой салады.
Климатты мелиорациялау (жақсарту) – Бұл климатты оңтайлы жағдайға өзгерту (жақсарту), ол адамның іс әрекетіне байланысты: орман отырғызу, су қоймаларын жасау, суару, қар тоқтату. Осы агротехникалық, орман-мелиоративтік шараларды өндіріске енгізіп жергілікті ауданның немесе учаскенің климатын жақсартуға болады. Өйткені ол шаралар сол учаскелердің температуралық, ауа және топырақ ылғалы режимдеріне әсерін тигізеді.
Агроклиматтық аудандастыру. Ауылшаруашылық дақылдарын белгілі бір аймақтарда өсіру үшін, сол аймақтың климаттық жағдайларына баға беру керек.
Мысалы: жаңа сорттарды, гибриттерді, дақылдарды жаңа агротехникаларды енгізу, олардың егіс көлемін анықтау үшін климаттық жағдайлармен ғылыми негізделген ұсыныстар қажет. Территорияға, климаттық жағдайларына байланысты ауылшаруашылық тұрғыдан баға беру үшін, сол жердің агроклиматтық ресурсын анықтау керек.Агроклиматтық ресурстың әртүрлі болуы ауылшаруашылығы өндірісінің аймақтық ерекшелігін білдіреді.
Агроклиматтық қор негізінде жарық, жылу, ылғал факторларынан құралады.Әрбір аймақтың агроклиматтық ресурстарын анықтаған соң агроклиматтық аудандастыру жасайды.
Агроклиматтық аудандастыру дегеніміз - террторияны климаттық ресурстары ұқсастығына қарай аудандарға, аймақтарға бөлу. Агроклиматтық аудандастырудың негізгі мақсаты территорияны агроклиматтық бірлігі бірдей (аймақ, аудан, облыс) және агроклиматтық көрсеткіштері басқаша аудандарға бөліп, олардың жағрафиялық шекараларын анықтап, агроклиматтық аудандастыру картасын жасау.
Агроклиматтық аудандастыруды жасау үшін территорияны жылу ылғалмен қамтамасыздығына байланысты бөледі. Жылумен қамтамасыздығын анықтауда негізгі көрсеткіш ретінде 10 С жоғары белсенді температураның қосындысын алады, өйткені бұл температура өсімдіктердің белсенді температураның қосындысын алады, өйткені бұл температура қсімдіктердің белсенді өніп-өсетін кезеңі.Осы бөлулер арқылы территорияда температуралық шекаралар (сызықтар) анықталады.Территорияныылғалмен қамтамасыздығына байланысты бөлу үшін ылғалдылық көрсеткіштерін анықтайды.Бұл көрсеткішті анықтау үшін Селяниновтың гидротермиялық коэффициентін (ГТК) пайдаланады. Ылғалдылық көрсеткіштерді анықтау әдістері 9.2 - тарауда берілген.
Қазақстан облыстарының агроклиматтық анықтамаларында жылу мен ылғал қоры, ауылшаруашылық дақылдарының даму сатылары, ауа-райында болатын қолайсыз жағдайлар (үсік,боран,көктайғақ, т.б.) күздік егіс туралы мәліметтер беріледі.Республика аумағында орташа тәуліктің температурасы 10 С-тан жоғары температураның жиынтығы солтүстік аудандарда 2000-2100 С,ал оңтүстікте 4300 – 4600 С-қа дейн жетеді. Солтүстік Қазақстанда күннің жылуы мен сәулесінің молдылығы жаздық бидай, зығыр, көкөніс және бау-бақша қсіруге қолайлы. Орталық қазақстанның агроклиматы дәнді дақылдар, қарақұмық, күнбағыс, картоп өсіруге қолайлы. Бұл аймақта ауаның орташа температурасы 10 С-тан жоғары болатын кезең 150-160 күндей. Оңтүстік Қазақстан өңірінің агроклиматы күріш,мақта, темекі,жүзім, қант қызылшасы сияқты жылу сүйгіш дақылдарды өсіруге қолайлы. Күннің жылуы мен сәулесі мол түсетін бұл өңірде ауаның орташа температурасы 10 С-тан жоғары болатын кезең 180-190 күн. Оңтүстікте жауған жауын - шашынмен салыстырғанда буланудың мөлшері 5-10 есе артық болатындықтан, еккен нгінді қосымша суару қажет.