Негізгі деректер қорына түсінік деректер қоры ұҒымы



Дата03.04.2023
өлшемі0,57 Mb.
#78682
Байланысты:
Деректер қорына түсінік


НЕГІЗГІ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНА ТҮСІНІК


1. ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ ҰҒЫМЫ
Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, түрлі құрылымды мекемелерде мәліметтерді дайындау, өңдеу, сақтау іс-әрекеттері жиі кездеседі. Оларды сақтаудың кең тараған тәсілі - компьютерде мәліметтер қоры түрінде сақтау. Мәліметтер қоры деп құрылымы арнайы тәсіл бойынша ұйымдастырылатын деректер жиынтығын айтады.
Мәліметтер(деректер) қоры дегеніміз - ЭЕМ-ның сыртқы жадында ұзақ мерзім бойы сақтауға, оларды үнемі жаңарып отыруға және қолдануға арналған мәліметтердің ұйымдасқан жиынтығы.
Деректер қоры түсінігі мен деректер қорын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл программалық құралдар кешені жаңа деректер қорын құру, оның мазмұнын толықтыру, мазмұнын түзету және ақпаратты визуалдауға арналған. Ақпаратты визуалдау түсінігіне ұсынылған критерилерге сәйкес деректерді жинақтау, реттеу, көркемдеу, басып шығару және байланыс каналдары арқылы жіберу түсінігі енгізіледі. Әлемде деректер қорын басқарудың көптүрлі жүйелері бар. Олардың барлығы әртүрлі объектілермен әрқалай жұмыс атқарады, пайдаланушыға әртүрлі функциялар мен құралдарды ұсынады, ДҚБЖ –нің көпшілігі қалыптасқан негізгі түсініктер кешеніне сүйеніп жұмыс жасайды.
Деректер қоры сөзі мағынасын кеңінен алып қарастырсақ ол қандай бір заттақ аймақта, шынайы әлемдегі нақты объектілер жайындағы мәліметтердің жиынтығы.


2. ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ.
Деректер қоры ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша реляциялық, иерархиялық, желілік болып бөлінеді.

  • реляциялық деректер қоры деп өзінің құрамды бөліктерінің өзара байланысынан құрастырылған деректер қорын айтады. Қарапайым жағдайда ол тік бұрышты кестеден немесе кестелер тобынан тұрады;

  • иерархиялық деректер қоры деп белгілі бір ереже бойынша байланысқан элементтер жиынтығын атайды;

  • желілік деректер қорында негізгі түсініктермен қоса әрбір элемент кез келген басқа элементпен байланысқан болуы мүмкін.


3. ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ.
Деректер қорымен жұмыс істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын программалар тобы – ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ деп аталады. Деректер қорын басқару жүйесінің бірнеше түрлері бар: dBASE, FoxPro, Paradox, Fox-Base, Microsoft Access 97, Microsoft Access 2000 және т.б.
Деректер қорын басқару жүйесінде кез-келген деректер қорын өңдеудің тізбектей орындалатын бірқатар кезеңдері қортындыланған:


ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ӨҢДЕУ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ СЫЗБАСЫ.
Блок – схемада берілген деректер қорын басқару жүйесіндегі деректер қорымен жұмыс атқарудың негізгі кезеңдері кез-келген тізбекте реттелуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет