15. Дәріс тақырыбы: Қабілет
Жоспары:
1 .Қабілет жайлы тусінік.
Нышанжәне қабілет.
Қабілеттің дара айырмашылығы жәнедаму деңгейі. Негізгі әдебиеттер:
1. НемовР.С. Психология 1к. М.-2000 гл. 1
Столяренко Л.Д. Общая нсихология M.-2001 гл.-І
Рогов Е.И. Общая психология M.-2001
Аддамү_ратов Ә.Ж. Жалпы психология A.-1998
Н. Берікұлы Жантану Ақгөбе-2006.
Қосымша әдебиеттер:
Гамезо М.В. Курс психологии M.-1999
Климов Е.А. Общая психология M.-2001
Жарыкбаев Қ.Б. Жаіггану негіздері A.-2001.
Қабілет - деп эр адамның белгілі іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз-мақсатқа бағытгалған, тэлім-тәрбие жұмысына байланысты адмның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі жэне оны нэтижелі етіп атқаруы. Адамның кабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тэлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне кабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады: 1. Іс-эрекетті тез өзгерту. 2. Іс-әрекетті тез орындау нэтижесінің сапасы.
Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жүмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына жэне адамның даралық қасиетіне байланысты.
Қабілеттшік - адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығып көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы-кебінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу-баскетболшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктср қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-эрекетке орай табыска жетуге көмектесетів белгілері гана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мыс: музыка саласында әуенді есту мен ырғакты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Кез-келген адамның екі-ұш түрлі іс-эрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бүл-адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі жэне әрекетшіл көрілісі. Жалпы, кабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айкын көрінеді. Әр адамньщ іс-эрекеттің бір түріне икемді болуы онын сол эрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нэтижесінен анық байқалады. Бүл-адамдардың даралык ерекшеліктері. Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның кабілеті ата тегіне, яғни түқым куалау факторына байланысты деген квзкарасты қолдайды. Бүл көзқарас бойынша, эр адамның қабілеті оган туа берілетін өзіндік табиги қасиет.
Дегенмен, кабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес, себебі кабілет- адамның даралық психологиялык ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе-қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялык жэне физиологиялық ерекшелік нышан.
Нышан - мидьщ, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиги даралық езгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.
Талант - адамның накты бір істі нэтижелі орындаудағы кабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі.
Дарыидылыц - адамның белгілі бір іске деген айрықша кабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында езін ерекше қырынан көрсетуі. Қабілеттің жоғарғы деңгейде дамуы талант деп аталады.
Адам кабілетіндегі талант пен дарындылық одан эрі дамып данышпандыц қасиетін тудырады. Бұл-адамның ақыл-ойы мен іс-эрекетінің ең жоғарғы дэрежеге көтерілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |