Орындаған: Ешекенова Р. Ч. 2020 ж. Кіріспе Тақырыптың өзектілігі



Дата31.12.2021
өлшемі20,77 Kb.
#21281
Байланысты:
Байқау. эссе. Ешекенова




Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың тиімді үлгісін құру

Орындаған: Ешекенова Р.Ч.

2020 ж.

Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың тиімді үлгісін құру дегеніміз оның билігінің әр буыны бір-бірімен, халықпен өзара байланыста заңдарға сәйкес жұмыс істеуі деп білемін. Еліміздегі соңғы жылдардағы жағдайлар мемлекетіміздің жүргізген саясатында бірқатар олқылықтар кеткенін көрсетіп берді. Оған себеп халық пен билік арасының алшақтауы. Халықтың билік басындағыларға деген наразылығының өршуі, оған деген сенімсіздік алаңдарға шерулерге шығып өз ойларын жеткізуі дәлел болса керек.

Мемлекетті тұтас ағза ретінде қарасақ, заңдар оның бойында жүріп тұрған қан тамырлары тәрізді. Қан тамырларының бірі жұмыс жасамаса тұтас ағзаның жұмыс істеуіне зиянын тигізетіні секілді, заңдардың дұрыс жұмыс істемеуі, оның түсінікті жазылмауы, өз деңгейінде сәйкес орындалмауы мемлекеттің жұмысына кедергі келтіретіні сөзсіз.

Біздің елде заңдар қалай жасалады? Неге оған көп түзетулер енгізіледі? Орындалып болмай жатып заңдар неге күшін жойып жатады? Қазақ тіліндегі заңды оқығанша неге орыс тіліндегі нұсқасын оқуды жөн көреміз?

Осы секілді елімізде қалыптасқан ахуал тақырыптың өзектілігін көрсетіп бергендей. Атазаңымыздан бастап барлық заңның тұрақтылығы еліміздің мызғымастығының, оның жүргізіп отырған саясатының дұрыстығының, тиімділігінің белгісі болмақ. Сол себепті заңдардың сапалы жасалуына назар аудару өте өзекті.



Жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың тиімді үлгісін құру мақсатында оның жұмысың қамтамасыз тететін заңдарды жасайтын органның үлгісін жасау, оған сипаттама беру.

Жұмыстың міндеті. 1) Еліміздің заң саласындағы ахуалына сипаттама беру; 2) Жұмыс тәжірибесінде кездескен олқылықтарды талдау; 3) Бірегей заң жобасын жасайтын органның құрылымын анықтап берудегі ұсыныстарына сипаттама беру.

Ғылыми жаңашылдығы. Бұрын соңды көп назар аударылмаған дегенмен қарауды замана талап етіп отырған тақырыпқа автор назар аударды. Өзінің жұмыс тәжірибесінде кездескен дәлелдерді келтіре отырып, еліміздегі заң жасау ісіне баса назар аудару керектігін алға тартады. Сонымен қатар, өз ойынша дұрыс болуы мүмкін үлгіні ұсынды.

Атазаңымыз біздің еліміздің мызғымастығының көрінісі болуы тиіс. Сондықтан оған қажетсіз өзгерістер көп енгізілмесе [1].

Заңдардың қайшылығын өзімнің жұмыс тәжірибемде кездескен бір мысалмен көрсеткім келеді. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің» 13 бабындағы бюджет құрылымы [2] мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» бір-біріне қайшы(Бюджет кодексінде трасферттер түсімі десе, сыныптамада трансферттердің түсімі делінген т.с.с) [3]. Заң мен оған бағынысты бұйрықтарды екі бөлек органдар жасаған ба дерсің?

Елімізде заңдарға көп өзгерістер енгізіледі. Оған сәйкестендіріп жасалынған нормативтік құқықтық актілері де жасалынып жатпай жатып өзгерістерге ұшырайды. Егер тиянақты, дұрыс жасалған заң болса онша көп өзгерістер енгізілмес пе еді?



Ұсынылатын жоба: Заң шығарушы орган парламентте талқылауға түскенге дейін жасалатын шара туралы айтылмақ. Жоба бойынша Әділет министрлігінде қазақ тілді заңгерлерден тұратын жұмыс тобы құрылса, олар заңды қазақ тілінде жасап, Атазаңымызға сәйкестігін, басқа заңдарға қайшылығын болдырмайтындай тексере отырып жасайтын болса. Содан кейін ғана заң орыс тіліне аударылса. Адам мен адамзаттың құқықтары мен мүдделері қаралатын заң жобалары халыққа теледидар арқылы ұлттық арналардан ұсынылып (интернет әркімде болмауы мүмкін), нақты қай жеріне өзгеріс енгізілетіні айтылып, қажет болған жағдайда ұсыныстары болса заң жобасы талқыға салынатын сайттың адресі көрсетіліп, ұсыныстарын сол жерге беруге болатыны айтылса. Қазірде де ашық нормативтік құқықтық актілері деген сайтта талқылауға жататын заң жобалары орналастырылады, дегенмен ол сайтты арнайы жұмыс істейтін органдар ғана біледі, халықтың көпшілігі ол сайтты біле бермейді.

Латын тілінде «Dura lex sed lex», - деген қанатты сөз бар оның мағынасы заң қатал, дегенмен ол заң деген екен. Біздің заңдарымыз да еліміздегі қоғамның сұранысына жауап беретін, қатаң тәртіпті қамтамасыз ететін, бәріне ортақ заңдар болса еліміз одан әрі гүлденіп дами бермек.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз.

  2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі.

  3. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығы.

  4. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті Жарғы, 2008.

  5. Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы «Жеті Жарғы», 2002ж.

  6. Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы.

  7. Сагындыкова А.Н. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы. Білім. 1999.

  8. Журсимбаев С. Права человека в международно-правовых актах и Конституции Казахстана. Астана, 1998


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет